Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Мьянмадағы мұсылмандар көшбасшысы, доктор Мохаммед Юнус халықаралық байқаушыларды Аракан аймағына келуге шақырды.
Ол Араканда жергілікті буддистер соңғы бірер күннің ішінде-ақ мыңдаған мұсылманды қырып тастағанын ашына мәлімдеді. Бұдан басқа, ол жаппай зорлық-зомбылық кесірінен көптеген мұсылмандар ұшты-күйлі жоғалып кеткенін жеткізді.
Сонымен бірге, Юнус Буддаға табынушаларға Мьянма үкімет әскері қолдау көрсетіп, қолдарына қару-жарақ ұстатты дейді. Қазір, билік күштері білімді, зиялы мұсылман жастарды еш себепсіз қамауға алып, белгісіз жаққа әкетіп жатқанын айтады.
Мұсылман көшбасшысы осындай аяусыз ашық зобалаңға қарамастан әлемдік қауымдастық пен батыс елдері үнсіз қалып отырғанын алға тартты.