Қарттарымыз қазынамыз

Қарттарымыз қазынамыз
"Қарттарымыз қазынамыз" деген атамыз қазақтың қанатты сөзін жете түсінген ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Астана қаласы Көктал шағын ауданындағы Қарттар үйінің ауыз бекіткен онбес қариясын қордың ұйымдастыруымен өтіп жатқан жалпы халыққа арналған ауызашарға Алла разылығы үшін алып барды. Сонымен қатар ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласы бойынша өкілі Айбек Аташ ауыз бекіткен қарияларға шіліңгір шілденің аптап ыстығында ұстаған оразалары жеңіл болсын деген ниетпен желдеткіш пен ауа баптағышты сыйға тартты. Шараға арнайы қонақ ретінде "Ислам мәдениеті мен білімін қолдау" қорының атқарушы директоры Қанат Оңғарбай шақырылды. Қанат мырза қарттарға қор атынан діни кітаптар сыйлады. Өз кезегінде қарттар үйінің директоры Кенжеболат Бәпішев қариялар атынан алдымен ауызашар дастарханын жайған Абдукарим мырзаға және шараның өтуіне мұрындық болған қор басшылығына алғыс білдірді. Шара соңында Әзірет Сұлтан мешітінің найб имамы Қуат Мінуаров құран оқып бата берді.
date30.07.2012readCount4301printБасып шығару





comments powered by HyperComments