Башқұрстанда сахабалардың құрметіне мешіт ашылады

Башқұрстанда сахабалардың құрметіне мешіт ашылады

Башқұрстанда сахабалардың құрметіне мешіт ашылады. Құлшылық орны осы елдің Миякинск ауданындағы Нарыс тауының етегінде салынады. Құрылыс жұмыстары қайырымдылық есебінен қаржыландырылады.

630 жылы мұнда Асыл Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) тәлімін алған әкелі-балалы Зүбәйір бин Заит пен Әбдірахман бин Зүбәйір Ислам дінін таратуға келген. Олар осы маңдағы Нарыс таудың биігінде жерленген. 2011 жылы бұл жерге ескерткіш орнатылды.

Мұндай жаңалық жергілікті жұрттың көңілін көтеріп тастады. Себебі, мешіттің салынуына байланысты инфрақұрылым дамып, туризм өркендемек.

date28.07.2012readCount2860printБасып шығару





comments powered by HyperComments