Олимпиадаға қатысушы араб дзюдошы қызының хижабын шешуге мәжбүрлемек

Олимпиадаға қатысушы араб дзюдошы қызының хижабын шешуге мәжбүрлемек

Сауд арабиялық спортшы қыздың Олимпиада ойындарына алғаш қатысуы сынақпен басталды. Анығын айтқанда, 16 жастағы дзюдошы Войдар Шахеркани татамиде күресу үшін хижабын шешуі тиіс. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерцаиясының президенті Мариус Визер мәлімдеді. Мұндай талап «балуан қыздың өз қауіпсіздігі үшін» қажет көрінеді.

Шахеркани дзюдомен айналысуға екі жыл бұрын ғана ден қойыпты. Тепті оның қара белбеу дәрежесі де жоө екен. Сондықтан мамандар оның Олимпиадада елеулі нәтиже көрсете алатынына күмәнмен қарайды. Араб аруының алғашқы қарсыласы – пуэрторикалық Мелисса Мойжица.

Айта кетерлігі, Сауд Арабиясының екі қызы тарихта тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысуда. Осы елдің Олимпиада комитеті президенті, ханзада Наваф бин Файсальдың айтуынша, араб мемлекеті әу баста Лондондағы додаға діни салт-дәстүрі сақталғанда ғана азаматшаларды жібере аламыз депті.

Саудияның екінші спортшы қызы – Сара Аттар. Ол 800 метр қашықтыққа жүгіруден жарысады. 

date27.07.2012readCount2895printБасып шығару





comments powered by HyperComments