Перғауындардың ең көне қайығы табылды

Перғауындардың ең көне қайығы табылды

Француз археологтары Мысыр перғауындарының ең көне қайығын тауып алды. Су көлігіне шамамен 5000 жыл болған. Бұл туралы Мысырдың Заттар министрлігі мәлімдеді.

Мысырдың көне жәдігерлер министрі Мохамед Ибрагим Әли: «Ол жақсы сақталған. Толық қалпына келтіру үшін жәдігер Каир музейіне берілді», - деді.

Қайық 11 ағаш тақтайдан тұрады. Әр тақтайдың ұзындығы 6, ені 1,5 метр. Қайық толық қалпына келтірілген соң, Мысыр өркениетінің Ұлттық музейіне табысталады.

Мамандар қайықтың жерлеу рәсімі үшін қолданылғанын айтады. Ежелгі мысырлықтардың сенімі бойынша, адам өлгеннен кейінгі өмірінде қажетіне жарату үшін мәйіттің жанына қайық қоса қалдырылған.

date26.07.2012readCount3743printБасып шығару





comments powered by HyperComments