Тәжікстандағы билік пен оппозиция арасында қарулы қақтығыс тұтануы мүмкін

Тәжікстандағы билік пен оппозиция арасында қарулы қақтығыс тұтануы мүмкін

Тәжікстандағы келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыс кез келген уақытта тұтануы мүмкін. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Орталық Азия және Қазақстан жөніндегі халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі. Александр Князев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сарапшының мәлімдеуінше, үкімет оппозиция жетекшілеріне қаруларын 26-шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12-ге дейін тастау туралы үзілді-кесілді талап қойған. Бірақ, Князев бұл талап орындалмады деді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Таулы-Бадахшан автономды облысында содырлар Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма басшысы Абдулло Назаровты атып өлтірген болатын. Кейін үкімет әскері арнайы операцияны бастады.

date26.07.2012readCount3193printБасып шығару





comments powered by HyperComments