Жартылай жалаңаш қыз патриарх Кирилді бас салмақ болған

Жартылай жалаңаш қыз патриарх Кирилді бас салмақ болған

Қыз-келіншектерден құралған украиналық атышулы FEMEN қозғалысының белсендісі Киевке келген Мәскеу және бүкіл Русьтің патриархы Кирилді бас салмақ болған.

Жартылай жалаңаш қыз дінбасына «Аулақ кет» деп тұра ұмтылған. Алайда жолда тұрған тәртіп сақшылары оны ұстап қалды.

Патриахтың баспасөз хатшысы Александр Волков: «Патриах Кирилдің Украинаға сапарына осындай теріс қылықтармен кедергі жасауға талпыну өте өкінішті. Бірақ, мұндай әдепсіздіктер оның сапарына еш нұқсан келтіре алмайды. Бұл қоғамдағы кейбір адамдардың рухани мешелдігін білдіреді», - деп мәлімдеді.

date26.07.2012readCount3838printБасып шығару





comments powered by HyperComments