Иордания Сыртқы істер министрі Мысыр президентіне корольдің хатын табыстады

Иордания Сыртқы істер министрі Мысыр президентіне корольдің хатын табыстады

«Иордан-Мысыр қарым-қатынасы туыстыққа негізделген әрі тамыры тереңде жатыр». Мысыр президенті Мұхаммед Мурси Иордания Сыртқы істер министрі Нассер Джудамен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Нассер Джуда Каирге король Абдалла ІІ-нің хатын табыстау үшін келген болатын. Ол хатта король Мурсиді президенттік таққа отыруымен құттықтап, жақын арада онымен кездесуге сенім білдірген.

Мурси өз кезегінде, корольге алғыс айтып, экономикалық байланыстардың нығая түсетініне сендірді. Әсіресе, Иолрданияға табиғи газ жіберу ісіне үлкен мән беретінен айтты.

date26.07.2012readCount2943printБасып шығару





comments powered by HyperComments