Алжирде Құран оқу бойынша халықаралық жарыстар өтеді

Алжирде Құран оқу бойынша халықаралық жарыстар өтеді

Алжирде қасиетті Рамазан айының 20-шы күні Құран оқу бойынша халықаралық жарыстар өтеді. Сайыстарда 45 елдің өкілі бақ сынасады. Бұл туралы осы елдің Дін істері жөніндегі министрлігі мәлімдеді.

Сайыстардың ашылу салтанатына Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефликтің өзі қатыспақ.

Жарыстар Құран оқу, хафиздердің жатқа оқуы және жекелеген сүрелер мен аяттардың мағынасын түсіндіру сияқты бірнеше санат бойынша өткізіледі.

Қатысушылардың көбісі Латын Америка, Еуропа және Африка елдерінен келмек.

 

date26.07.2012readCount3079printБасып шығару





comments powered by HyperComments