ИЫҰ Мьянма басшысынан Рохинья мұсылмандарын азаптауды тоқтатуды талап етті

ИЫҰ Мьянма басшысынан Рохинья мұсылмандарын азаптауды тоқтатуды талап етті

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға хат жолдап, халықаралық қауымдастықтың Мьянма үкіметіне қысым жасауын сұрады.

Мұндай хат Мьянма президенті Тейн Сейнге де жіберілді. Онда Рохиьня мұсылмандарының қауіпсіздігін толық қамтасыз ету талап етілген. Сонымен бірге, Ихсаноғлы тез арада қантөгістің себеп-салдарын тергейтін комиссия құруға және айыптыларды жазалауға шақырды. Әрі осы бағытта ИЫҰ көмек беруге әзір екенін жеткізді.

date26.07.2012readCount3280printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments