Құранды өртегені үшін өзі өртеніп кетті

Құранды өртегені үшін өзі өртеніп кетті

Пәкістанның Пенджап аймағына кіретін Бахавалпур қаласының полиция бөлімшесіне Құран өртеген деген күдікпен қамауда отырған адамды бір топ адам күшпен алып кетіп, Құранды өртеген жеріне апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаһарына мінген мыңға жуық адам полиция бөлімшесіне баса көктеп кіріп келіп, Алланың кітабын өртеген адамды көпшіліктің алдында жазалауды, не өздеріне беруді талап еткен. Пәкістанда негізі мұсылмандардың діни сенімін қорлағандарды өлім жазасына тартатын заң бар екен. Алайда, бұл заң көп жағдайда қолдана бермейді. Сондықтан да болар, ашуға булыққан жұрт бұл адамның да өлім жазасына кесілмей қалады деп, оны өздері жазалауды жөн көрген.

Бөлімшеге шабуыл жасаған топ адамды полиция қызметкерлері қанша райынан қайтарамыз деп әрекет еткенімен, түк шықпапты. Көптің аты – көп. «Көп – қорқытады» дегендей, ақыры тәртіп сақшылары қамауда отырған күдіктіге ие бола алмай қалған. Көзді ашытып, жасаурататын газ қолданса да, ыза кернеген жұртқа төтеп беру мүмкін емес болған. Сөйтіп, әлгіні Құранды өртеген жеріне сүйреп әкеп, үстіне бензин құйып, от қоя салған.

Қазіргі уақытта полицейлер өртеніп кеткен адамның жеке бас мәліметтерін анықтауда. Полицейлердің көбісі оны психикалық ауытқуы бар адам деп есептейді. «Күдікті бір топ адамның оны өлтіреміз деп бөлімгеше шабуыл жасағанда айналада не болып жатқанын да түсінбеді. Ол өз бетімен күліп, ән айтып отырды», – дейді билік өкілдері. Қазіргі таңда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ сотталғандар әзір жоқ.

date05.07.2012readCount4343printБасып шығару





comments powered by HyperComments