Ғибратнама - Бітпейтін құрмалар [аудио]
date04.11.2014readCount3098categoryҒибратнама

Әбу Хұрайра (р.а.) ең кедей сахабаның бірі еді. Бір күні бірнеше құрма алып хазірет Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, өзінің өтінішін жеткізді: «Уа, Аллаһтың елшісі, мына құрмалар берекетті болсын деп дұға етіңізші?»

Ары қарай өзі әңгімелеуде: «Аллаһ елшісі ол құрмаларды алақанына салып (немесе құрмалардың үстіне қолын қойып), берекет тілеп дұға оқыды. Сөйтті де мынаны айтты: «Бұл құрмаларды алып, қапшығыңа сал. Жегің келген кездері қолыңды сал да, қалағаныңша ал. Бірақ оларды шашушы болма!»

Сол күннен бастап мен әлгі қапшығымды ылғи жанымнан тастамадым. Ішінен қаншама рет әр түрлі мөлшерде құрма алдым. Жолдастарыммен бірге де жедім, басқаларға да үлестірген кездерім болды. Ол құрмалар біткен емес. Алайда, неге екенін білмеймін, хазірет Осман (р.а.) шейіт болған күні қапшығым босап қалды»[1]. 

[1] әл-Мубаракфури, Тұхфатул-ахуази, Китабул-манақиб, Бабу манақиби Әби Хұрайра, № 3848 хадис

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments