Ғибратнама - Хазірет Османның (р.а.) мұсылман болуы [аудио]
date29.10.2014readCount3073categoryҒибратнама

Хазірет Осман (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде нағашы әпкем Абдул Мутталибқызы Ұруаның үйіне баc сұқтым. Сол үйге Расулуллаһ та (с.ғ.у.) келіп қалды. Мен ол кісіден көз алмай қарап қаппым. Неге екенін, сол күні ол кісіге бір нәрсе болғандай көрінді. Мені байқап «Неге тесіле қарадың?» деп сұрады. Мен «Артықшылығыңызға, арамыздағы алатын орныңызға және сіз туралы айтылғандарға қайран қалып тұрмын» дедім. Ол кісі «Лә иләхә илләллах» (Алладан басқа тәңір жоқ) деді. Бұл сөз менің тұла бойымды шымырлатып жіберді. Іле мына аятты оқыды: «Нағыз сенгісі келетіндер үшін жер бетінде көптеген дәлелдер бар. Өз болмыстарының өзінде де сондай дәлелдер бар. Әлі көрмедіңдер ме? Көкте әрі ризықтарың, әрі сендерге уәде етілген жұмақ бар» (Зарият, 51/22-23).

Сөйтті де үйден шығып жүре берді. Мен де ілесе шықтым. Жолда мұсылмандықты қабылдағым келетінін білдірдім.

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments