Ғибратнама - Сыйлық [аудио]
date22.10.2014readCount3206categoryҒибратнама

Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артынша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы бір кездескенде:

–  Маған сыйлығымды қайтарып беретініңді білгенімде, сыйлық жасап әуре болмас едім ғой, – дейді ойын-шынын араластырып. Сонда имам:

–  Олай деме, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Егер сендерге біреу сыйлық жасаса, сендер де қолдан келгенше сыйлық жасауға тырысыңдар, жағдайларың келмесе, ол үшін дұға етіңдер» деген хадисін естімеп пе едің? – деген екен.

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments