Ақ бата - Дастарханға береке берсін [аудио]
Хақ қарасын,
Бақ дарысын.
Дастарханға береке берсін,
Елге дәулет-мереке берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін,
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін,
От айнала бас бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе, қайырын берекетімен берсін,
Бас берсе, азық-несібесімен берсін!
Әумин!
comments powered by HyperComments