Шал ақын Құлекеұлы - Ерің азған кезіңде елің азар [аудио]

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

Дәулетіңнің қадірін

Мал кеткенде білерсің,

Маңайдағы дұшпанды

Түн жеткенде білерсің.

Қона берсе жерің тозар.

Шаба берсе елің азар,

Жасай берсе ерің азар,

Ерің азған кезіңде елің азар.

 

Шал ақын Құлекеұлы

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments