Ақ бата - Еңбегің жемісті болсын [аудио]
date19.09.2014readCount3926categoryАқ бата

Уа, Жаратқан, жарылқа,

Бақ-дәулетін аумас қыл!

Ала ауыздан алас қыл,

Қарғағаннан қалас қыл!

Ниеттері ақ болсын,

Бейнеттері пәк болсын!

Өрендерің ер болсын,

Отырғаның төр болсын,

Көре алмаған бағыңды ,

Сындыра алмай сағыңды,

Қара ниет дұшпаның,

Бетін басып жер болсын!

Қонысың өрісті болсын,

Еккенің келісті болсын.

Еңбегің жемісті болсын!

Жарың жібектей болсын!

Өнерің өрлей берсін,

Өмірің төрлей берсін!

Әумин!

 

 

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments