Ғибратты әңгіме - Сахабаның ұлы [аудио]
date09.09.2014readCount4241categoryҒибратнама
Сахабаның ұлы
Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте тұрғанын байқайды. Қасына барып:
– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды. Бала болса:
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала «Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап қайырады.
Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» – дегенде, ол:
– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.
Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас алдырған бұл бала – ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.
Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments