Ақ бата - Балаң үбірлі болсын, қызың шүбірлі болсын [аудио]
Ақылыңды астырсын,
Ықыласыңды тастырсын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын!
Жақының көп болсын,
Жауың жоқ болсын!
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын әзіз басыңа!
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын,
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол!
Дәуренің иманмен сәнді болсын,
Ғұмырың біліммен мәнді болсын!
Әумин!
comments powered by HyperComments