Ғибратты әңгіме - Көрші ақысы [аудио]
date20.08.2014readCount3828categoryҒибратнама

КӨРШІ АҚЫСЫ

 

Имам Ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді. Күнде дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығарып, түнімен ұйықтамай ел-жұрттың да, имамның да мазасын алатын.

Сол көршісі бірде абақтыға қамалады. Имам, болған мән-жайға қаныққан соң, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатып алыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, өзінің бұл қылығына ұялған жігіт: «Өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге босатып әуреледіңіз?» -деп сұрапты. Сонда Имам Ағзам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін»,– деп жауап беріпті. Мұны естіген әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі.

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments