Шешендік сөздер - Жанқұтты шешен [аудио]

Жанқұттыөткір сөзді, от ауызды, орақ тілді шешен болған. Жанқұтты шешен он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін:

– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды. Сонда Жанқұтты:

– Адал болсаң, судай бол,

Су арамды кетіреді.

Мықты болсаң, жердей бол,

Жер жаһанды көтереді, – деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:

Аллаға жағам десең – азанды бол,

Ағайынға жағам десеңқазанды бол.

Халқыңа жағам десеңәділ бол,

Судай таза бол,

Жердей берік бол.

Өмірің ұзақ болсын,

Аймағың суат болсын.

 

Сөзің халқыңа қуат болсын, – деп батасын беріп аттандырған екен.

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments