Ақ бата - Иманның байлығын берсін [аудио]
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарлы болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!
comments powered by HyperComments