Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) - Тауфиқтан айырылады жемсау болса

Жастарға бақыт, байлық ден сау болса,

Тауфиқтан айырылады жемсау болса,

Ер жігіт қапалықпен қартаяды,

Қатын жаман, мінген ат қырсау болса.

 

Жастарға жақсы есім молла деген,

Арамға жарамайды Аллаһ деген,

Беліңді тәуекелге бек байласаң,

Бөрі мен ер азығы жолда деген.

 

 

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments