Ақ бата - Иманымызды кәміл ет! [аудио]
date01.08.2014readCount4141categoryАқ бата

Уа, Жаратқан Ием құдірет!

Тілегімізді қабыл ет,

Иманымызды кәміл ет!

Достың көңілін аша көр,

Дұшпанның көңілін баса көр!

Әділдікті бұрғаннан сақта,

Қайырымсыз туғаннан сақта.

Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта!

Көкдолы, шайпау қатыннан сақта!

Түздегіні түзде сақта,

Жаратушы жан Ием,

Әрқашан да бізді сақта.

Кедергі мен кеселден

Бір Алла өзің сақта!

Айтқанымды қабыл ет!

Әумин!

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments