Ақ бата - Өзіңнен байлың озбасын [аудио]
АҚ БАТА
Құдайдың Өзі қолдасын!
Бес жүз саулық қоздасын,
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдансын;
Айдап келген жылқыңнан
Алпыс айғыр азынасын,
Жиып келген түйеңнен
Жетпіс інген боздасын,
Өзіңнен байлың озбасын!
Ағайынның жарлысы
Бөтен жаққа тозбасын!
Үйіңе дерт қонбасын!
Керім жан боп көршілер,
Жақсы болсын жолдасың!
Берекелінің биесін берсін,
Асыл тектінің түйесін берсін,
Қазыналының қойын берсін,
Ізгі ниеттінің ойын берсін,
Сол малыңа ие берсін,
Сауабы ата-бабаңа да тие берсін!
Әумин!
comments powered by HyperComments