Шал ақын Құлекеұлы - Жақының жат болады алыс болса [аудио]

Жігіттер, жау алмайды ақылдасаң,
Білгішке көп білетін жақындасаң,
Қарап жүрген кісіге адам тимес,
Сабыр қып өз бойыңды мықты ұстасаң,
Жақының жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады таныс болса,
Сыртыңнан жаман туыс табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Әйтсе де жақсы туыс шыдамайды,
Бір жерде айғайласқан намыс болса.

Шал ақын Құлекеұлы

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments