Ғибратты әңгіме - Шілде айындағы ораза [аудио]
date22.07.2014readCount3598categoryҒибратнама

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» деді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – деді.

Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», – деп жауап берді.

– Ол қандай дастархан? – дегенде, – Аллаһ тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді.

Хажжаж: – Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің? – деп таңырқағанда, ол:

– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстықта шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді.

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments