Ақ бата - Қайғы-қасірет жоқ болсын [аудио]
АҚ БАТА
Басыңа Алла бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін,
Білім, нақыл айтуға
Жалықпайтын жақ берсін!
Айтып жүрер білімің
Іс-амалмен шақ келсін!
Береке-құт пен ырысты
Үйлеріңе ап келсін!
Қара ниетті жауыңа
Бәлекеті тап келсін!
Арман, ниетке жеткізіп,
Тілеуінді ап берсін!
Мал-жан аман, тоқ болсын,
Қайғы қасірет жоқ болсын!
Дастарханға ақ толсын,
Шаңыраққа бақ қонсын!
Балаларың көп болсын,
Иманы мығым бек болсын,
Сөзі тура, дөп болсын!
Әумин!
comments powered by HyperComments