Шал ақын - Жақсы қатын алсаңыз (аудио)

Саясы жоқ бәйтерек

Саздауға біткен талмен тең,

Жақсы ағаңыз бар болса,

Алдыңда сары белмен тең,

Ағайының көп болса,

Ұлық бір шеру қолмен тең,

Ақылсызға сөз айтсаң,

Алды бір тұйық жармен тең,

Молдадан сабақ алсаңыз,

Алуан шекер балмен тең,

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең,

Жақсы қатын алсаңыз,

Алланың жауған нұрымен тең.

Жаман қатын алсаңыз,

Маңдайға біткен сормен тең.

Уайымшыл жігіттің,

Кең дүниесі тармен тең.

Уайымсыз жігіттер,

Қара бұлан нармен тең.

Жетесі жаман жігіттер

Тоқсандағы шалмен тең,

Жаманнан көрген қорлығың,

Көкірекке біткен шермен тең,

Бір қалған соң көңілің,

Қаңтарда қатқан мұзбен тең.

 

Шал ақын

Жүктеп алу:   .MP3
comments powered by HyperComments