Ақ бата - Халыққа төнген қауіптен сақта [аудио]
Уа, Жаратқан Ием!
Халқымды даласымен сақта,
Елімді данасымен сақта,
Сәбиді анасымен сақта,
Азаматты санасымен сақта,
Жұртымды қасірет-қайғыдан сақта,
Кең даламды өріс-өріс малымен сақта,
Халыққа төнген қауіптен сақта,
Табиғи апаттардан сақта.
Уа, халқым бауырың бүтін болсын!
Сарқылмас құтың болсын!
Күніміз ұлысты болсын!
Жеріміз ырысты болсын!
Жаппар Ием жар болып,
Бұл бата қабыл болсын!
Әумин!
comments powered by HyperComments