Истиғфар дұғасы | Дұға жаттап үйренейік
Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны «Сәйидуль истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі), деп атаған. Өйткені, бұл дұға − құлдарының тәубасын қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған. Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», − деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.(Сахих Бұхари, да’ауат 5831; Сунәну Нәсәи, исти’аза 5427; Сунәну Ахмәд, Муснәду әш- шәмиин 16488)
comments powered by HyperComments