Азан жайлы не білеміз?
Азан - иісі мұсылман баласын бс уақ намазға шақыратын діни амал. Азанның шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Ислам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәтте айтылмай қалған емес.
date29.04.2016readCount2375readmoreТолығырақ
Құран оқып-үйренейік!
Аллаһ Тағала мұсылман үмбетін жер бетіндегі қайырлы үмбет етті. Бұл үмбеттің кітабы қасиетті Құран − ең аб- зал кітап. Сол себепті бұл үмбетке осы кітапты жеткізіп үйретуде аянбай қызмет ету парыз. Пайғамбарымыз да хадистерінде Құранды үйреніп және үйреткенді ерекше атап өтеді: «Сендердің жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің».  «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды».
date29.04.2016readCount4433readmoreТолығырақ
Кемелдік кілті
Жаратылыстың түп мәні – Аллаһ тағаланы танып, Оның шексіз құдіретін баян еткен барша ақиқи ілімдердің тізгінін ұстау. Шынайы мұсылман Хақ тағаланың Өзін танытатын Кітабын – Құран Кәрімді оқи отырып, Жаратушының бұл әлемдегі мінсіз тәртібіне көз жіберіп, таңғажайып заңдылықтарын тереңірек зерттеуді, зерделеуді өзіне парыз санайды. Бұл керемет жүйенің астарына үңіліп, тылсым сырына қанығып, тұңғиығына терең бойлаған сайын құдіреті шексіз ұлы күшке ие бір Жаратушының барына ден...
date29.04.2016readCount2153readmoreТолығырақ
Талас-тартыстар
Өзінің Қияметке дейінгі бақи кітабы Құрани Кәрімде мүмін пенделеріне: «...(Өзара) таласып-тартыспаңдар, әйтпесе сәтсіздікке ұшырайсыңдар әрі күш-қуаттарың кетеді. Сабыр етіңдер! Әлбетте, Аллаһ сабыр етушілермен бірге», – деп сабырлылыққа шақырған Аллаһ Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! Өз үмметтеріне: «Таласып-тартыспаңдар, кейін жүректерің таласып-тартысуға бейім болып қалмасын», – деп бірлікке шақырған әз Пайғамбарға салауаттар мен Аллаһтың игілігі...
date29.04.2016readCount1821readmoreТолығырақ
Рахмет самалы
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлемге үлгі-өнеге болған сәулетті өмірін кітап жолдарына сыйғызуға тырысқанымыздың негізгі себебі, адамзат дүние мүлікке беріліп, нәпсісіне құл болып өмір сүрген қазіргі заманда жалыққан, шаршаған бейшара көңілдерге Пайғамбарымыздың руханиетінен бір жарық ұсыну. Тағы бір себебі ағаштар мен тастар өзіне сәлем берген, әрі әлемнің ұлы жаратушысының сансыз періштелерімен бірге «сәлем айтып, дұға еткенімен» ерекшеленген ұлы...
date29.04.2016readCount2514readmoreТолығырақ
Дін мен дәстүр
Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қаузалып келе жатқан тақырып. Біз осынау маңызды мәселеге қатысты шариғи көзқарасты білдіруді жөн санадық. Көздегеніміз қазақтың салт-дәстүр тарихын бүге-шігесіне дейін зерттеу емес, ол осы саладағы мамандардың ісі, мұратымыз қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып,салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқанын дәлелдеу.
date25.04.2016readCount1592readmoreТолығырақ
Имани гүл
Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына. Ұлы Жаратушы әу баста адамды айналасына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің алдында таң қалып бас исін деп мына дүниеге жіберген. Демек, Иман – адамның аратылуының мән-мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. Міне, адамның жаратылуының негізгі...
date20.04.2016readCount2217readmoreТолығырақ
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің ЭТИКАСЫ
Діни қызмет – мәртебелі міндет және имам-молдалардан жоғары адамгершілік құндылықтар талап етеді. Ислам дінінің қызметкерлері барлық білімі мен тәжірибесін ел бірлігін нығайтуға, имандылығын арттыруға жұмсайды. Дін қызметкерлері жұмыс барысында Алланың әмірін басшылыққа ала отырып, өмірінің барлық кезеңінде хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін үлгі тұтады, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын ескереді. Отанына, Қазақстан...
date20.04.2016readCount1980readmoreТолығырақ
ИМАМНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Имамдық – жауапкершілігі мол маңызды қызмет. Бұл – Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла тарапынан алып келген аманатын келер ұрпаққа жалғастыратын, адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандыққа тыйым салатын ұлы істің бірі. Сол себепті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен...
date20.04.2016readCount1344readmoreТолығырақ
Мұсылманның тұлғалық бейнесі
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Қазіргі таңда тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында исламға деген қызуғышылық артуда. Бұл – қуантарлық жайт. Алайда, кейбір мұсылмандар бір ісін ұқыптылықпен атқарса, екіншісіне немқұрайлық танытуда.
date20.04.2016readCount1890readmoreТолығырақ