Үміт сәулесі
Наурызбай қажы Тағанұлы
Үміт сәулесі
date28.03.2018readCount1010printБасып шығару

«Білімге ден қоймаған халық қаншалықты бай болғанмен, уақыт өте келе бүкіл байлығы білімді, өнерлі халықтың қолына өтеді» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов келешекке кемел бағдар жасаған. Өркениеттің керуеніне ілесіп, көштен қалмауға талпынған еліміз ру-хани салада да бірқатар белестерді бағындырып келеді. Дін турасында келелі еңбектер мен тағылымы мол кітаптар көпшіліктің қолына тиген сайын ескішілдік пен надандық келмеске кетіп, рухы мығым, ойы тұнық, санасы парасатты ұлт өрендері қалыптасып, теңіз түбінен шағылысқан жақұттай көзге түсе бастады. Әрине, мұның бәрі дінге жанашыр, ұлтқа жанашыр азаматтарымыздың маңдай терінің еленгені деп білеміз. Осы орайда қолдарыңызға тиіп отырған кітаптың арқалар жүгі өзгеше. Діни ахуалдың бір кетігін кірпіш боп қалауға ұмтылған еңбек айрықша тақырыптарымен-ақ өз алдына бөлек ізденістің нәтижесі екенін көрсетеді.Автор Тағанұлы Наурызбай Өтпенов көп жыл дін саласында аянбай қызмет атқарып, ел ықыласына бөленіп жүрген жан.

comments powered by HyperComments