Дәстүрлі ислам жауһарлары
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Дәстүрлі ислам жауһарлары
date15.04.2016readCount2922printБасып шығару

Түркі халықтары өз болмыстарында соңғы дін – Исламды қабылдап, шынайы ақиқатқа қол жеткізгенге дейін бірнеше дінді ұстанғандығы тарихтан белгілі. Ежелде түркілер Тəңiрдi ардақ тұтып, жақсылық пен жамандық атаулы соның қалауымен болатынына имандай сенген. Əрбiр iсті Тəңірдің атымен бастап, Одан көмек сұрағанын бізге дейін жеткен жазба деректер айғақтайды. Сондай-ақ, ежелде пайда болған діндер мен ілімдердің кейбірі түркі тайпаларының арасына тараған. Сондай дiндердiң қатарына пұтқа табынушылық (будда діні), отқа табынушылық (манихей дiнi) жəне монотейстiк (христиан дiнiнің несториан ағымы) сенiмдегi дiндер мен ілімдер кiрген. Тəңірлік дінді ұстанып келген түркі тайпаларының кейбірі бертін келе осындай сырттан келген əртүрлі діндер мен ағымдардың жетегінде кеткен. Мысалы, VII ғасырдың бiрiншi жартысында батыс аймақты мекендеген түркілердің кейбiр билеушiлерi будда дiнiн ұстанған болса, VII–VIII ғасырларда несториандық iлiм Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу аймақтарында тараған. Сондай-ақ, III ғасырда Иранда пайда болған манихей дiнi де осы өңірде тараған. Белгілі ғалым С.Г.Кляшторный бүгiнгi Тараз қаласының маңында ежелде Зороастризм дiнiнiң етек жайғанын алға тартады.

comments powered by HyperComments