Неміс ғалымдары оразаны мойындап келеді
Төменде неміс жұртының әлемге әйгілі «Р.М.» журналында жарияланып, батыстықтарды  ойландырған  «Оразаның пайдасы» атты зерттеу мақаланы оқисыздар. Неміс зерттеушілері осы еңбектен кейін оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен. Зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдан астам уақыт ораза ұстап көрген. Оның пікірінше,  ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдар зерттеу әрі...
date28.07.2012readCount4629readmoreТолығырақ
Ораза, намаз тоқтықта ма?
Ораза ұстау мен намаз оқу тоқтықта ғана орындалатын іс пе? Ел ішіне тарап кеткен осындай орынсыз сөздерді Абай атамыздың сынағаны белгілі. Жалпыға бірдей міндеттелген мұсылмандық бес парыздың қажылығы ғана дәулетті болуды талап етеді. Ендеше, бұл сөзді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) пен сахабаларымыздың өнегелі өмірі тұрғысынан салмақтап көрейік.   Ислам діні сөзге үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады. Өйткені бұқараны сөзбен хидаятқа шақыруға да, күпірлікке...
date28.07.2012readCount4189readmoreТолығырақ
Ораза туралы ғибратты әңгімелер
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба? Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам... ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан...
date25.07.2012readCount25539readmoreТолығырақ
Бабаларымыз оразаны қалай насихаттаған?
Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің – бейнет, ақыреттің – зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан айында Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатынын, сүйікті...
date25.07.2012readCount4589readmoreТолығырақ
Құрма жайлы не білеміз?
Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып,24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5...
date22.07.2012readCount10258readmoreТолығырақ
Ораза және ақыретке иман
Оразаның өзіндік құпиясы мол. Дегенмен оның бір құпиясы – ақыретке деген сенімде жатқаны анық. Ақыретке сенім – иман шарттарының бірі. Бұл сенім күшейген сайын мұсылманның бес парызды орындауға деген ынтасы да арта түспек. О дүниенің бар екендігі – барлық діндерге ортақ сенім. Ислам дінінде Құран кәрімнің шамамен үш те бір бөлігін осы сенім құрайды. Адам Атадан бастап жүз жиырма төрт мың пайғамбардың барлығы да бір Жаратушының бар екендігі мен ақыреттің хақ екендігін...
date20.07.2012readCount5051readmoreТолығырақ
Ораза жайлы хадистер
Ибн Омардың (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген:«Ислам діні мына бес нәрсеге негізделген: Аллаһтан басқа тәңірдің жоқтығына куәлік келтіру, Мұхаммедтің Құдайдың құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау».(Бұхари, Иман 1; Мүслим, Иман 19.) عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رَسُولَ اللّٰهِ قَالَ: «بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلٰى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلٰهَ إِلَّا اللّٰه ُ وَ أَنَّ...
date20.07.2012readCount24255readmoreТолығырақ
Түйеқұстар
Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан. Кейінгі жылдары әлем елдеріндегі құс...
date03.07.2012readCount12128readmoreТолығырақ
Рамазан айы
Рамазан қандай ай? Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы. Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі. Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші «Құран» атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай. Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы. Рамазан – Хақ Тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айрықша ай. Рамазан – пенделік қылықтардан мейлінше арылып,...
date03.07.2012readCount28049readmoreТолығырақ