Ғұмырын осы уақытқа дейін босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағынакейінен ғана оянған бір пенденіңХақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар ием – Хақ тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері бар ма оның Сенен басқа? Құ-лың адамдық тізгінін нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылтырына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді міне, таудай-таудай күнәларды арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара...