old.muslim.kz Мақалалар - Muslim.kz
Екінші әйел алуды қоя тұрсақ... (ВИДЕО)
Қазіргі кезде екінші әйел алудың қамымен жүрген ер азаматтар баршылық. Соның қамымен жүріп, өзінің бірінші жанұясына аз көңіл бөлетін дәрежеге жеткені тағы бар. "Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді" демекші, таразы басын тең ұстамай, бұндай қадамға баруға бола ма екен? Осы сұрақтың төңірегінде Арман Қуанышбаевтың берген жауабын тыңдап көрелік.
date05.08.2017readCount3786readmoreТолығырақ
Әй, қыз, әуретіңді жап! Сен күң емессің...
Жаз келгелі қашан. Бұл маусымда қыс жалаңаштап кеткен қара жерден бастап ағаш біткен түгел жасылға оранып, айналаның әрін, төңіректің сәнін кіргізеді. Өкініштісі, тек адамдар жалаңаштана бастайды. Әйел қауымының басым көпшілігі әуретінің «қайда қалғанын» ұмытып, төбесінен ұрған күннің қызуынан есінен танады. Көбінің әуретті жерлері жұртқа айқара ашылып, әлемге әшкере болады. «Есті қыз етегін жауып жүреді» деген сөз жайына қалады. Себебі, «қызға қырық жерден тыйым»...
date02.08.2017readCount3872readmoreТолығырақ
Тұмар, көзмоншақ тағатындар мынаны білсін!
Тұмар тағу - шариғатта үлкен ережеге жатпайды. Құран аяттары, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан дұғалар жазылған тұмарды тағуға болады. Көз тимесін деп көзмоншақ тағу дұрыс емес. Миллион көзмоншақ тағып қойсаңыз да, көз бәрібір тиеді. Көздің де жыны бар. Көз адам немесе жын арқылы тиеді, - дейді бір сұхбатында белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаев. Толығырық төмендегі бейнеден көре аласыздар.
date01.08.2017readCount7320readmoreТолығырақ
Саңғыл би
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын мұқият оқып шықтым. Елбасы «қазақ баласы туған жеріңе туыңды тік» деп әрбір азаматты елін, Отанын сүюге шақырып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынып отыр. Өз туған жерінің сай-саласын, киелі ескерткіштерін көрсетіп, насихаттау әр азаматтың парызы деп білемін. Қазақ тарихы кез келген адамның туған жерінен мәлімет беруден құралады. Тарих шаңымен көмескіленіп қалған деректер ел аузында...
date01.08.2017readCount3945readmoreТолығырақ
Садақа жәшігіндегі қаражатты санамай-ақ қояйықшы...
Осы уақытқа дейін де талай қаузалып, талқыға салынған тақырып. Десе де, еліміздегі үш мыңға тарта мешіт-медреселердің имам-ұстаздарына қатысты мәселе шегі мен шешімін таба алар емес. Сондағы даудың басы, әлбетте «Дайрабайдың сиыры» емес – садақа жəшігі. Әйтеуір, жамағат пен халықтан жиналған қаражаттың есебіне жете алмай əуреміз. Біріміз сол ақшаның қайда жұмсалатынына бас қатырсақ, біріміз жəшікке жиналған теңгені имамдардың маңдай теріне қимай қиналатынымыз-ай. Ал...
date31.07.2017readCount2482readmoreТолығырақ
Қан ауысса, бәрі ауысады...
Он жасқа келіп, ес біле бастаған кезіміз болатын. Анам Қамария (марқұм) ауруханада әйелдер босанатын жерде жұмыс істейтін. Біздің үйдің қасында көрші Сәрсенкүл деген орта жастағы келіншек босану кезінде көп қан жоғалтып, екінші топтағы донор іздегені есімізде. Содан донорлыққа базарда сауда сатып тұрған, аузы аузына жұқпайтын, сумаңдаған бір әйел келісіпті. Соның қанын құйып аман қалды деп үйге анам айтып келген болатын. Екі аптадан соң, Сәрсенкүл ауруханадан шығып, үйіне келіп,...
date28.07.2017readCount8499readmoreТолығырақ
Имандылыққа ұйытқан тұлғалар
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти ИМАНДЫЛЫҚҚА ҰЙЫТҚАН ТҰЛҒАЛАР Қазақ елі Қарахан қағанаты дәуірінен күні бүгінге дейін Ислам дінін ұстап келеді. Дешті қыпшақ даласының перзенті нәубет заманы туып, басына қара бұлт үйірілсе де бір сәт мұсылмандықты ұмытпаған. Сонымен бірге, Ислам ғылымының өркендеуіне өзіндік үлес қоса білген халық. Әлем қазақ топырағынан шыққан Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни һәм Ахмед Иүгінеки бастаған тұғырлы...
date28.07.2017readCount2073readmoreТолығырақ
Дінде экстремизм жоқ
«Экстремизм» термині – сөзбе-сөз (лат. Еxtremus - шеткі) шектен тыс көзқарастарды ұстанып, шектен тыс əрекеттерге бару қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деп анықталады. Экстремизм – әр уақытта әрқалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.     Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар көбейіп кетті. Олардың басым көпшілігі Ислам атын жамылған және протестанттық прозелитистік ағымдар десек болады. Еліміздің рухани тұтастығын сақтағымыз...
date24.07.2017readCount2451readmoreТолығырақ
Жастарды діни экстремизмнен сақтандыру жолдары
Бисмилләһир-рахманир-рахим! Бүгінгі таңда дүниежүзінде өзекті мәселелердің бірі болып отырған діни радикализм, экстремизм және терроризм тақырыбында форум ұйымдастыруларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Жалпы радикализм сөзінің мағынасына тоқталатын болсақ, бұл сөз латын тілінен аударғанда қалыптасқан тұрақты жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған саяси-әлеуметтік идеялар мен әрекеттер деген мағына береді. Діни радикализмнің және бір белгісі, мұнда адам шариғат міндеттемеген...
date17.07.2017readCount2180readmoreТолығырақ
Түрік қызы не үшін Голливудтан бас тартты?
Міне, нағыз ұлттық тәрбие деген осы болар. Түркияның бiр актрисасы Голливудқа барыпты. Өте көрiктi, ерекше жаратылған жан болса керек. Голливуд оны қуана қабылдайды. Бiрақ, ол фильмге түсуден бас тартып, елiне қайтады. Сондағы себеп, сценарий бойынша бiр эпизодта әлгi сұлу кеудесiн жарқырата ашып жiберуi керек екен. Ал, Голливуд актерлерiнiң бiрi бiрнеше секунд оның кеудесiне "тұмсығын тыға" тұруы керек екен. Сонда әлгi түрiк қызы не деген дейсiз ғой. "Мұндай арсыздықа Шығыс дәстүрi, халқымның...
date17.07.2017readCount3513readmoreТолығырақ