Мақалалар
Аллаға шүкір, барша мұсылман баласы асыға күткен құрбан айт мерекесінің басталуына да санаулы күндер қалды. Осынау ұлық мейрамға аман-есен жеткізген Жаратушы Иемізге сансыз шүкірлер болсын! Оның соңғы елшісі Мұхаммедке салауаттар болсын!
Құрбан айт пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Құрбан сөзінің өзі «Аллаға жақындау, Алланың разылығына бөлену» деген ұғымдарды білдіреді. Жаратушы Иеміз қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде: «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал»,...
Бүгінгі күнде ерлі-зайыптылар бір-бірін өзіне тән ерекшеліктерімен қабылдай алмағаны үшін жанұя ренішке толы «шайқас алаңына» айналуда. Жұбайлар бір-бірін өзгертуге, өзіне тән ерекшеліктерінен басқа xалге айналдыруға тырысып, «шайқасып» жүрген кезінде қамшының сабындай қысқа өмір зуылдап өтіп жатады. Егер артыңа қарауға мұрша тауып қарай алсаң, артыңнан тек қана ренішке толы жылдар мен ренжіген адамдарды қалдырғаныңды байқайсың.
Егер әйел ердің алдын орап, ердің...
Иә, табиғаттың да тілі бар. Табиғаттағы әрбір құбылыс - кездейсоқтық емес, белгілі бір себеп-салдармен тығыз байланысы бар заңдылық. Тыңдай білген адамға табиғаттың да айтары бар. Нанбасаңыз, Құранның мына аятына зер салып көріңіз:
«Жеті аспан мен жер және онда болғандар Алланы барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ, сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер...[1]».
Иә, әрбір жаратылыс өзіне тән тілмен Жаратушыны...
Асан Қайғының арманы
Бізге беймәлім бағзы замандарда елінің қамын жеген Асан Қайғы абыз желмаяға мініп, орманы нулы, көкорайы шалғынды, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздеп, жиһан кезіпті деседі. Жұртымды жерұйыққа қоныстандырсам деген арман қарияны төрткүл дүниенің төрт бұрышына жетелепті.
Сол сапарында Асан Қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас», – деген екен ақырында. Ал, Жетісуды көргенде:...
Жақында үйлену тойына бардым. Кештің басы – беташар. Сауысқаннан сақ келінді ортаға алып, біз тұрмыз. Қолына домбырасын алып, күйін келтіріп, асаба да ісіне кірісті. Бастапқыда бәрі жақсы басталған. Өлі аруақтардан бастап, әулеттің үлкендеріне сәлем еткізді. Туған-туыспен тізім бойынша таныстыра келе, «Үйіңе қонақ келсе егер, бір шиша арағыңды қой, келін» деп бүлдіргені болмаса… Бір қарын майды шіріткен құмалақ секілді бұдан кейін ойға оралған дүние молайды. Келіннің бетін...
Бүгінде бүкіл әлем бір үлкен ауылдай. Таңертең теңіздің арғы жағында болған жайт сәскеге дейін ғаламтор арқылы түгел әлемге тарап бітеді. Бастапқыда тез ақпарат алысу құралы болған әлеуметтік желі бүгінде ойын-сауық пен уақыт өткізудің ең көп қолданылатын түрінің бірегейі екенінде дау жоқ. Қала берсе, жұмысы жоқтың ермегі де - осы әлеуметтік желі. Алайда, осындай ақпараттық ағыс ішінде «қоқыстың» да қатар жүретінін ұмытпаған жөн.
Ал, енді кеңеске көшейік. Кеңес менен емес,...
Қазіргі заманда жұмыс істеу шарттары мен ақша табу жолдары ауырлап кеткенін байқаймыз. Кейде жұмыс ұжымындағы қызметкерлер мен әріптестердің арасындағы түсініспеушіліктер шығып, ара-қатынас шиеленісіп жатады, оған қоса, жұмыстағы қызметіне байланысты көптеген қиындықтар туындап жатады. Еркек сыртқа аса сездіре қоймағанымен, көбінесе осындай ауыр жағдайлардан жүйкесі жұқарып, шаршап-шалдығып, ішкі дүниесі күйзеліске ұшырап, үйге шаршаған күйде келеді екен. Осындай жағдайда үйге...
Ислам келмей тұрып арабтар ғылымға көп қызығушылық таныта қоймаған. Өздерінің күнделікті тұрмысына ғана қажетті білімге ие еді. Бүгінде біз оларды былай деп топтастыра аламыз.
1. Ырым-тыйым мен салт-дәстүрлер;
2. Аңыз-әңгімелер;
3. Бал ашу, көріпкелдік;
4. Жұлдыз бен аспан әлеміне қатысты сенімдері.
5. Медицина. Көшпенділер арасында, қарапайым қалаларда біраз дамыған;
6. Мал дәрігерлігі. Әсіресе, жылқыға маңыз берілген;
7. Ауыз әдебиеті мен өлең;
8. Шежіре;
9. Жер тану;
10. Түс жору[1].
Сонымен...
Алаштанушы С.Өзбекұлының тұжырымдауынша «Айқап» журналының төңірегіне топтасқан Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Лапин, М.Сералин сияқты зиялылар шариғат заңын дәріптеумен белсенді шұғылданған. Ал, «Қазақ» газетінің төңірегіне жиналған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған зиялылар қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын насихаттап, мемлекет құруда батыстың республикалық жүйесін құптады. Екі топтың да мақсат-мүддесі бодандықтың қамытын үзіп, тәуелсіздікке қол жеткізу...
Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мәңгілікке харам саналатын әйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен және отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған:
«Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып...
1926192119171909190819071905189818961895