old.muslim.kz Тәпсір тұнығы - Muslim.kz
«Мутаффифин» сүресі
Сүре «Мұтаффифин» (таразыдан алдаушылар) деп басталғандықтан осылай аталады. Таразыдан алдаушылар – өздеріне өлшеп алса артығымен, ал басқа біреуге өлшеп берсе азайтып берушілер еді. Бұл қасиетті сүре – меккелік. Аталмыш сүреде айтылған мақсаттар меккелік сүрелердің мазмұнымен мағыналас. Сүреде имани мәселелерді және Ислам насихаты жайы баян етіледі. Сүре таразыдан алдаушыларға қарсы күрес жариялаумен басталады. Мұндай күнәһарлар әділ төрелік етуші Алла Тағала...
date27.04.2015readCount4940readmoreТолығырақ
«Инфитар» сүресі
Меккелік сүрелер қатарына жататын «Инфитарда» да өзінен алдыңғы сүредегідей қиямет күні ғаламда болатын қорқынышты да алпауыт өзгерістер баян етіледі. Сонымен бірге, ізгілер мен бұзылғандар күйі айтылады. Және де қайта тірілу жайлы әңгімеленеді. Сүреде аспанның жарылуы, жұлдыздардың төгілуі, теңіздердің тасуы, қабірдегі жандардың шығуы сияқты ғаламдағы құбылыстар және оның артынан болатын есеп-қисап баяндалады. Іле адамның Алла Тағала берген нығметтерін мойындамай...
date14.04.2015readCount5793readmoreТолығырақ
«Тәкуир» сүресі
«Тәкуир» де меккелік сүрелердің қатарына кіреді. Бұл сүреде екі маңызды ақиқат айтылады. Ол қиямет күні мен уахи, яғни пайғамбарлық ақиқаты. Бұл екеуі иманшарттың құрамдас бөлігі. Қасиетті сүре қиямет күні және сол күндегі ғаламдағы: күн, жұлдыздар, таулар, теңіздер, жер мен аспан, жануарлар мен жабайы аңдарды қамтитын құбылыстарды баян еткен. Сонымен бірге, қияметтегі адамзаттың күйі де сөз етіледі. Әлем үрейлі де ұзақ сілкініске енеді. Бұдан барлық жаратылыс бытырап,...
date30.03.2015readCount5430readmoreТолығырақ
«Ғабаса» сүресі
«Ғабаса» – меккелік сүре. Сүре сенім тақырыбын және пайғамбарлыққа қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен бірге, Алла Тағала құдіретінің айғақтарымен қоса адамзат, өсімдік әлемі және қоректі жаратудағы Алла Тағаланың бірлігі айтылады. Сонымен қатар, ең ауыр күн қиямет және ондағы үрейлі оқиғалар баяндалады. Сүре туғанынан соқыр Абдулла ибн Үмму Мактум (р.а.) сахабаның қиссасымен басталады. Ол Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп дін үйретуін сұрайды. Бұл кезде пайғамбар (с.ғ.с.)...
date21.03.2015readCount5270readmoreТолығырақ
«Назиғат» сүресі
«Назиғат» басқа да меккелік сүрелердей мазмұны Алла Тағаланың бірлігі, пайғамбарлық, қиямет күні және есеп-қисап сияқты сенім негіздері жайлы. Сүре қиямет және сол күндегі қорқынышты оқиғалар мен құбылыстар және күнәһарлар мен тақуалар төңірегінде әңгіме өрбітеді. Сүре мұсылмандардың жанын жұмсақтықпен алатын, ал кәпірлердің жанын қинап қатты алатын және Алла Тағала әмірімен жаратылыстың ісін бақылайтын періштелерге серт етіп басталады. Сосын қайта тірілу күнін...
date10.03.2015readCount5552readmoreТолығырақ
«Нәбә» сүресі
«Нәбә» (Амма) – Меккеде түскен сүре. Сүренің «Нәбә» (хабар) деп аталуы онда қиямет және қайта тірілу жайлы маңызды хабар баяндалады. Сүренің негізгі мазмұны – мүшріктер мойындамайтын «қайта тірілуді» түрлі дәлелдермен көрсету. Сол себепті, сүре мүшріктердің бір-біріне қайта тірілу жайлы сауал қоюмен басталған. Және де қиямет күні мен одан кейін орын алатын жаратылыстың тірілуі мен есеп-қисап жайы баяндалады. Қайта тірілуді жоққа шығарған мүшріктерді күтіп тұрған...
date28.02.2015readCount8005readmoreТолығырақ