«Дұха» – Меккеде түскен сүре. Бұл сүреде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы тұлғасы айтылады. Сонымен қатар, есепсіз нығметтерге шүкіршілік ету үшін Алла Тағала оған екі дүниеде берген кеңшілігі мен жақсылығы баяндалады.
Сүре серт етумен басталып, мүшріктер ойлап жүргендей Алла Тағала өз пайғамбарын тастап кетпегенін және оған ашулы да емес екені айтылады. Керісінше, Алла құзырында пайғамбар қадірі биік екендігі құлаққағыс етіледі.
Сондай-ақ, ақыретте Пайғамбарға (с.ғ.с.) берілетін...
«Ләйл» – меккелік сүре. Сүре адамның талпынысы мен іс-әрекеті жайлы. Оның өмірдегі күресі мен тай-таласы. Сосын адамның ақыры нығметке бөлеуші нәғим-жаннат немесе лаулаған от жәһим-тозақ па? Осы баян етіледі.
Сүре жер бетін қараңғылықпен қаптайтын түнгі уақыт және айналаны нұрландырып жарық ететін күндізге серт етіп басталған. Және ер мен әйелді жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушыға серт етеді. Серт мақсаты, адамдардың қам-қарекеті және олардың жолдары әртүрлі екенін айту.
Келесі...
«Шәмс» сүресі Меккеде түскен. Бұл сүре екі тақырыпты қамтиды.
1.Адам баласының нәпсісі және Алла Тағала нәпсіге жаратқан жақсылығы мен жамандығы, тура жолы мен адасуы;
2.Адамның астамшылығы. Самуд қауымын мысал ете отырып, адамның астамшылығын баяндайды.
Сүре Алла Тағала жаратқан жеті құбылысқа серт етіп басталады. Олар күн, ай, күндіз, түн, ешбір тіреусіз тұрған аспан, төселіп жатқан жер және адам нәпсісі. Осы құбылыстармен серт ете отырып, адам баласы Алла Тағалаға тақуалық етсе,...
«Бәләд» – Меккеде түскен сүре. Мазмұны – меккелік сүрелерде айтылған тақырыптар. Оның ішінде сенім мен иманды күшейту, есеп-қисап пен жаза күніне деген иманды жүрекке орнықтыру. Және ізгілер мен бұзықтар арасын ажырату.
Сүре қасиетті қала атымен серт жасаумен басталған. Бұл – пайғамбар (с.ғ.с.) мекен еткен шаһар. Серт ету қала мен оның тұрғыны саналатын пайғамбардың Алла Тағала құзырындағы ерекше құрметке лайық екендігін көрсетеді. Және кәпірлерге Алла елшісіне (с.ғ.с.)...
«Фәжр» сүресі меккелік сүрелер қатарына жатады. Бұл сүреде үш маңызды жайт қозғалады, олар:
1. Алла Тағала елшілерін мойындамаған Ғад, Самуд және перғауын қауымы сияқты халықтардың қиссалары баян етіледі. Шектен шығуының салдарынан олардың бастарына келген пәлекет пен азап айтылады;
2. Бұл пәни жалғанда адамдарды жақсылық пен қиындық, байлық пен кедейлік арқылы сынау – Алла Тағаланың сүннеті, иләһи заңы. Және адам табиғатының дүниені қатты жақсы көретіндігі;
3. Ақырет,...
«Ғашия» – меккелік сүре. Сүреде маңызды екі тақырып қамтылған.
1. Қиямет жағдайы мен қорқынышы. Қияметте кәпірдің бетпе-бет келетін қиыншылығы және мұсылманға берілетін бақыт.
2. Әлемдер Раббысы Алла Тағаланың бірлігі мен құдіретінің айқын дәлелдері. Бұл дәлелдер сүреде түйенің ғажайып жаратылысы, аспанның кереметі, биік таулар және кең етіп төселген жерді айтумен баяндалады. Бұл жаратылыс пен құбылыстардың барлығы да – Алла Тағаланың бірлігі мен құдіретінің белгісі. Сүре...
«Ағлә» сүресі меккелік сүрелер қатарына жатады. Сүреде төмендегі мағыналар қамтылған:
1. Алла Тағаланың кейбір сипаттары және Алла Тағаланың құдіреті мен жалғыздығы;
2. Уахи және елшілердің соңғысы Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірілген Құран жайы және оны пайғамбарға жаттап алуды жеңіл еткендігі;
3. Ояу жүректер пайда алатын көркем насихат. Бұл насихат бақытты да иманды жандарға күш береді.
Сүреде Алла Тағаланың мінсіз екендігі баяндалады. Алла – барша мақұлықатты Жаратушы һәм...
«Тариқ» сүресінің өзінен бұрынғы сүремен екі жақты байланысы бар. Біріншісі – екі сүре де аспанға серт етумен басталған. Екіншісі – қайта тірілу және Құранды суреттеудегі ұқсастық. «Буруж» сүресінде: «Өйткені, Ол бастап та жаратып, әрі қайта тірілтеді», – десе, бұл сүреде: «Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие», – деп айтылған.
Бұл сүре басқа да меккелік сүрелердей қайта тірілуге иман және Алла Тағала құзырындағы есеп-қисап жайын әңгіме етеді....
«Буруж» сүресінің бұрынғы сүрелермен үш жағынан байланысын көруге болады:
1. Сүрелердің басталуындағы ұқсастық. Барлығы аспанды тілге тиек етіп басталады. Тіпті, осы төрт сүрені меңзей отырып «аспандар» сүресі деп келген хадис те бар.
2. Екі сүре де мұсылмандарға уәде мен кәпірлерге ескертуді және Құран Кәрімнің ұлылығын қамтыған.
3. Алдынғы сүреде Алла Тағала мүшріктердің Пайғамбарға (с.ғ.с.) және мұсылмандарға түрлі ұру, өлтіру және күн ыстығында азаптау сияқты...
«Иншиқақ» – Меккеде түскен сүре. «Иншиқақта» меккелік сүрелерде айтылатын иманшарт жайы әңгіме болған. Сүре ақыреттегі кейбір көріністерді суреттеп басталады. Қиямет күнгі ғаламның төңкерісін бейнелейді. Сосын адамның ризық-несібе жолындағы шаршап-шалдығуы, ақыретке өзі үшін әзірлейтін жақсылық немесе жамандық жайы қозғалған.
Сонымен бірге, мүшріктердің Құранға деген көзқарастары айтылады. Серт жасалып, олардың басына келетін қорқыныш пен қиындықтарды айтады....
107610711059104610301019993970956944