«Һумәзә» – меккелік сүре. Сүре адамдардың кемшілігін сөз ететін, ар-намысына ешбір шімірікпей қол салатын, ақымақтарша мазақ етіп, мінейтіндер жайын әңгімелейді.
Сондай-ақ, дүние жинаған, байлығын мал тезегіндей етіп қаптаған адамдар жайын сөз етуде. Олар мына жалғанда мәңгі қалатындай күйде. Тым надандығы мен асқан ғапылдығы оларды мал-дүниесі пәни дүниеде мәңгі қалдыратындай ойда жүретіндігін айтуда.
Сүре соңында сол бақытсыз бейбақтардың ешқашан сөнбейтін отқа...
«Асыр» – Меккеде түскен сүре. Бұл сүреде өте қысқа түрде адамды бақытты және бақытсыз ететін себепті және дүниеде жетістікке жету мен шығынға ұшырау салдары баян етілген.
Алла Тағала ғасырмен серт етуде. Ғасыр – адам ғұмыры, бұл иләһи құдіретті көрсететін түрлі ғажайыптар мен ғибраттар орын алатын уақыт кеңістігі. Серт ете отырып, адамзат зиян шегуде екенін баяндайды. Бұл зияннан төрт қасиет: иман, ізгі амал, ақиқатқа шақыру және сабырлыққа үндеу ғана құтқарады. Аталған...
«Тәкәсүр» – меккелік сүре. Сүре адам баласының дүние ләззатымен әуре-сарсаңға түсетіндігін баян етуде. Және пәнидің құнсыз заттарын жинаудағы таластарын айтуда. Ақыры соңы өлім олардың рақатына нүкте қояды. Өлім тосыннан аяқ асты келеді. Өлім адамзатты зәулім үйден зұлмат қабірге алып кететінін ескертуде. Сүреде қайта-қайта пәниді бақиға айырбастамау керектігін, бұл үлкен қателік екендігін баяндайды.
Сүре соңында қиямет күніндегі қорқынышты жағдайларды айта отырып, одан...
«Қариға» – меккелік сүре. Бұл сүреде қиямет пен оның қорқынышы, ақырет пен оның қиыншылығы баян етіледі. Және сол күні адамдардың қабірден шығуы, бойларын билеген үрей мен қорқыныштан көбелекше шашырай жайылатындығы айтылған. Таулар болса, шағылып ауада түтілген жүндей ұшатындығы айтылады. Таулар жердің тепе-теңдігін ұстап тұратын қазық сияқты мықты қағылғаны белгілі. Сүреде адам мен тауды салыстыруда. Қиямет күні жерді ұстап тұрған таудың өзі жұмсақ жүндей боп ұшқанда ет пен...
«Ғадят» – Меккеде түскен сүрелер қатарына жатады. Бұл сүре дін жолындағы жауынгерлердің сәйгүліктері, тұлпарлары жайлы баяндайды. Тұлпарлардың желмен жарысқан жылдамдығы, тасқа тиген тұяғынан шарпыған ұшқынын суреттейді. Мұның барлығы жауынгер аттардың Алла құзырындағы артықшылығын білдіреді. Сүренің келесі бөлігінде адамның нығметке қайырымсыздығы туралы бар. Адам Алланың берген сансыз нығметтерін алғыссыз қабыл алатындығы тілге тиек етілді. Оның бұл ниеті сөзінен және...
Абдулла ибн Амр (р.а.) риуаяты: «Бір кісі келіп: «Уа, Алла елшісі! Маған барлығын бойына қамтыған бір сүре оқып беріңіз», – деп өтінді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте...» деп толығымен оқып шыққанда, әлгі кісі: «Сізді ақиқатпен пайғамбар етіп жіберген Алламен ант етейін, осыдан артығын істемеймін», – деді. Сонда пайғамбарымыз (ñ.ғ.ñ.): «Мына жігіт мақсатына жетті (жақсылыққа жетті)[1]», – деген екен.
Әнас ибн Малик (р.а.): Алла елшісі...
Әнас ибн Малик (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.)Убай ибн Каъбқа: «Расында, Алла Тағала саған «ләм якунил ләзинә кәфәруды» оқып беруіме әмір етті, – деді.
– Сізге менің атымды атады ма? – деді.
– Иә, – деді пайғамбар (с.ғ.с). Сонда Убай көзіне жас алды»[1].
«Бәйинә» сүресі «Ләм якун сүресі» деп те аталады. Сүре Мәдина қаласында түскен. Сүреде келесі жайттар баян етіледі:
1.Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарлығына қатысты кітап иелерінің...
Сүренің әуелгі бес аяты ең алғаш түскен уахи аяттар. Ал, қалған аяттары Құрайыш арасында дін насихаттала бастап, мүшріктер мұсылмандарға қысым көрсеткенде түсті.
«Алақ» сүресі «Иқра» сүресі деп те аталады. Бұл меккелік сүре, онда келесі жайттар баяндалады:
Бірінші: Пайғамбарлар соңғысы Мұхаммедке (с.ғ.с.)уахи түсуінің басталуы;
Екінші: Адам баласы мал-дүниесі себепті шектен шығуы және Алла Тағала әміріне қарсы келуі;
Үшінші: Сормаңдай Әбу Жаһилдің қиссасы. Және оның...
«Тин» сүресі – меккелік. Бұл сүреде екі маңызды тақырып қозғалған.Біріншісі – Алла Тағаланың адамзатты құрметті етуі.Екіншісі – есеп-қисапқа иман келтіру.
Сүре қасиетті жерлерге серт етумен басталған. Ол жерлерді Алла Тағала өз пайғамбарларына уахи түсіру үшін таңдаған. Олар: Байтул Мақдис, Тур тауы және қасиетті Мекке. Серт етуі – адам баласын қадірлі еткенін және ең көркем бейнеде және ерекше керемет кейіпте жаратқанын айту үшін. Ал, енді пенде Раббысына...
«Инширах» сүресі меккелік. Сүреде Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұлық дәрежесі айтылған. Оның Алла құзырындағы орны биік. Сонымен бірге, Алланың құлы әрі елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.)берілген бірнеше нығметтері де әңгімеленген. Сол нығметтерінің бірі – кеудесін иманға ашуы, жүрегін даналық және іліммен нұрландыруы әрі күнә-қателіктерден тазартуы. Мұның барлығы Алла елшісінің (с.ғ.с.) кәпірлер тарапынан көрген жәбірі себепті жұбату үшін еді. Және Алла Тағаланың берген нұрымен ойын...
1292125612131194117311531137110910981084