old.muslim.kz Тәпсір тұнығы - Muslim.kz
«Қадір» сүресі
«Қадір» сүресі – меккелік. Бұл сүре Құран Кәрімнің түсуі жайлы әңгімелейді. Және қадір кешінің басқа айлар мен күндерден артықшылығы айтылады. Өйткені, бұл кеште атырапқа раббани нұр мен иләһи леп тарайды. Мұның барлығы Құран Кәрімнің түскенінің құрметіне орын алады. Бұған қоса, періштелердің таң атқанша жер бетіне түсетіндігі де баяндалады. Бұл құтты кеш Алла Тағала құзырында мың айдан да абзал. بسم الله الرحمن الرحيم إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ...
date01.04.2016readCount13639readmoreТолығырақ
«Фәләқ» сүресі
«Фәләқ» – меккелік сүре. Бұл сүре пенделерге Рахман Алланың қорғауына ғана паналауды үйретуде. Адам баласы Жаратушының ұлылығы мен патшалығынан пана іздейді. Алла Тағаланың жаратқан мақлұқаттарының зиянкестігінен, қараңғы түскен түннің жамандығынан. Түнде жамандық пен бұзықтық жайылатындықтан қараңғыда адам бойын үрей билейді. Және әрбір көреалмаушы мен сиқыршының жамандығынан тек құдірет Иесі Алладан пана сұрауды үйретеді. «Фәләқ» – пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дем...
date14.03.2018readCount3711readmoreТолығырақ
«Ықылас» сүресі
«Ықылас» – меккелік сүре. Ықылас сүресі затында және сипатында Бір Алла Тағаланың сипаттары жайлы әңгімелейді. Алла Тағаланың сипаттары кемел. Ешбір нәрсеге тәуелді, мұқтаж емес. Кемшіліктен пәк. Насара діндегілер құдайды үшеу дегені және мүшріктер құдайдың ұрпағы мен балалары бар деп айтқан сияқты сипаттары ешбір жанның сипатына ұқсас та, шамалас та емес. Сүренің түсу себебі: Бір топ мүшріктер Алла елшісіне (ñ.ғ.ñ.)келіп: «Уа, Мұхаммед! Бізге Раббыңды сипаттап...
date14.12.2017readCount5615readmoreТолығырақ
«Мәсәд» сүресі
«Мәсәд» сүресі меккелік. Бұл сүре «Ләһәб» және «Тәббәт» деп те аталады. Сүре Алла Тағаланың және елшісінің дұшпаны Әбу Ләһәбтың құрдымға кетуі жайлы әңгімелейді. Әбу Ләһәб пайғамбарға қаскөй дұшпан болып алды. Барлық шаруасын қойып, Алла елшісінің (ñ.ғ.ñ.)соңына түсіп, насихатына килігіп, адамдарды иманнан қайтармақ боп тырысты. Сүре ақыретте оған лаулап жанған отқа оранатындығын уәде етуде. Әбу Ләһәбпен бірге әйелі де азапталады. Әйеліне арнайы ауыр азап...
date22.11.2017readCount3412readmoreТолығырақ
«Насыр» сүресі
«Насыр» сүресі Мәдина қаласында түскен. Бұл сүреде Меккенің жеңісі жайлы әңгімеленуде. Мекке жеңісі мұсылмандарды күшейте түсті. Бұл оқиғадан кейін Ислам араб түбегіне түгел тарады. Күпірлік пен серік қосу жұрнақтары түп-тамырымен жойылды. Бұл жеңістің нәтижесінде адамдар Алла Тағала дініне қауым-қауым болып кіре бастады. Исламның туы көкте желбіреді. Ал, пұтқа табынушылар қалдығы құрып бітті. Мекке жеңісі иләһи сүйінші хабар еді. Өйткені, мұсылмандар әлі Меккеге аттанбай тұрып...
date11.10.2017readCount3726readmoreТолығырақ
«Кәфирун» сүресі
Жәбир (р.а.): «Алла елшісі осы сүрені және «құл һуа Аллаһу Ахадты» тауафтың екі ракағатында оқыды», [1] – деп риуаят етеді. Әбу Хұрайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.)осы сүрені таң намазында оқыды», – дейді. بسم الله الرحمن الرحيم قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ 1. Айт: «Әй, кәпірлер! Ей, Мұхаммед! Тас пен пұтқа табынушы мына кәпірлерге айт! Тәпсіршілер: «Құрайыш Алла елшісіне (с.ғ.с.)бір жыл олардың құдайларына табынуды, бір жыл оның Құдайына құлшылық етуді ұсынды....
date28.08.2017readCount9707readmoreТолығырақ
 «Кәусар» сүресі
«Кәусар» – Меккеде түскен сүре. Сүреде екі дүние сұлтаны пайғамбарымызға (c.ғ.с.) Алла Тағаланың берген артықшылықтары баян етіледі. Бұл дүние және ақыретте берілген үлкен жақсылықтар және ұлық нығметтер айтылады. Солардың бірі – Кәусар өзені. Бұдан қоса, басқа да көптеген жақсылықтар тарту етілген. Сүре Алла елшісін (с.ғ.с.) осы нығметтерге шүкіршілік ретінде намаз оқуға және құрбан шалуға шақыруда. Сүре соңында пайғамбар дұшпандарының оңбайтыны және ашуына тигендер қорлық...
date13.01.2017readCount23028readmoreТолығырақ
 «Мағун» сүресі
«Мағун» – Меккеде түскен сүре. Бұл сүреде қысқаша екі түрлі топ жайы әңгімеленген. Олар: 1. Алла Тағала нығметін мойындамаушы кәпірлер. Олар қиямет күні болатын есеп-қисапты жалған деушілер; 2. Жасаған амалында Алла Тағала ризашылығын ниет етпеуші екіжүзді мұнафиқтар. Олар әрбір амалын, тіпті намазын көзбаяушылықпен жасайды. Бірінші топ: Алла Тағала олардың қор мінездерін айтқан. Олар жетімге еш нәрсе бермей, «жоқ» деген жауабын сыпайы айтпай, дөрекілік көрсетеді. Олар...
date13.12.2016readCount7081readmoreТолығырақ
«Құрайыш» сүресі
Бұл сүре Алла Тағаланың меккеліктерге берген нығметтері жайлы әңгімелейді. Меккеліктер сауда-саттық мақсатымен екі жаққа: қыста Йеменге, ал жазда Шам өлкесіне сапар шегетін. Алла Тағала Құрайышқа берген нығметтерінің ең үлкен екеу, олар: тыныштық пен тұрақтылық және молшылық пен жеңілдік еді. بسم الله الرحمن الرحيم لِإِيلَافِ قُرَيْشٍ 1.Құрайыштың бейбітшілігі (ғажайып іс). إِيلَافِهِمْ رِحْلَةَ الشِّتَاءِ وَالصَّيْفِ 2.Олардың қысқы және жазғы сапарларындағы қауіпсіздігі...
date28.11.2016readCount5575readmoreТолығырақ
«Фил» сүресі
«Фил» сүресі Меккеде түскен. Сүреде піл иелерінің қиссасы баян етіледі. Олар Қағбаны бұзуға бет алады. Бірақ Алла Тағала оларды өз қаруымен жойып жіберді. Осылайша Жаратқан Ие өзінің үйін олардың жаулап алуынан қорғап қалды. Абраһаның әскері ең әлсіз мақлұқтар арқылы жермен-жексен болып жойылды. Ол құстар тұмсығы мен аяғына кішкене тас алып келді. Алайда, бұл тастар қорғасын оқтан да опатты боп тиді. Аталған тарихи оқиға пайғамбарымыз Мұхаммед ибн Абдулла (с.ғ.с.) дүниеге келген 570...
date03.11.2016readCount6567readmoreТолығырақ