Қонақжайлық қазақтардың ежелгі қасиеті. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны...
Діни сауаттылық дала халқы үшін киелі міндеттердің бірі саналды. Қандай жағдайда да діннен дәріс тыңдап, балаларын шынайы иманға баулуға айрықша көңіл бөлді. Төл сенімінде берік тұрғандықтан сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді түрде төтеп бере алды. Ұлттық болмысын қаймағын бұзбай кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Қазақ халқында өзінің қажыр-қайраты мен ақыл-парасатының тереңдігіне сенімді нағыз жігіттерден бірнеше өнерден хабардар болу талап етілетін. Қайраты мен ақылы...
Қазақ халқы ізгілікті, қайырымдылықты қастерлі ұғым санаған. Бір-бірін жақсылыққа, адалдыққа үндеген аталарымыз ізгі істі үлкен, кіші деп бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп тым болмағанда, игі сөзден құр қалмауға шақырған. Мұның өзі Ислам құндылықтарымен, Құран Кәрім мен хадис шәрифтердегі өсиеттермен астасып жатқан тағылымдар, нағыз мұсылмандық ұстанымдар. Жаратқан Иенің Өзі мұсылмандарды...
Басқа мұсылман жұрттары сияқты қазақ халқы да иман шарттарының бірі жақсылы-жаманды тағдырдың бір Тәңірден болатындығына шүбәсіз сенеді. Сондықтан осынау нанымның белгісі тілде көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа ұлағат болып қалыптасты. Мысалы, қазақ мәтелінде «Құдайсыз қурай сынбас» делінеді. Мұның мәні төмендегі аяттың мағынасымен дөп келеді. قَالَ اللهُ تَعَالَى: ﴿وَمَا تَسْقُطُ مِنْ وَرَقَةٍ إِلا يَعْلَمُهَا﴾
Алла Тағала былай дейді: «...Қандай да бір жапырақ жерге...
Ұлттық сана
Қазақ кеше көшпелі, бүгінде отырықшыланған өркениетті халық. Яғни отырықшылық мәдениетке көшкеніне бір ғасырдан астам уақыт болған жаңа қанды ұлт. Жалпы сайын далада, тұмса табиғаттың ортасында тіршілік жасаған номад халықтардың ұлттық санасы белгілі бір қорғанның қабырғасының ішінде қым-қуыт тіршілік еткен отырықшы жұрттардан өзгеше болған. Ол туралы тарихшылар мен әлеуметтанушылар айтып кеткен. Көшпелілер адамизат болып жаратылған әу бастағы жаратылыстық саф...
Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу, өлілерге табынып, олардан қажетін сұрау, әр нәрсені киелі тұтып сиыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтар.
Кейбір этнограф ғалымдарымыз, салт-дәстүр зерттеушілері өз еңбектерінде Ислам дініне дейінгі нанымдар мен сенімдерді зерттеп, ондағы надандық дәстүрлерді, есте жоқ ерте...
Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні. Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған...
Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи мазһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне сай келген ғұрып нақтылы шарғи дәлел ретінде қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал» деген аятты алға тартқан. Сондай-ақ, Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен мына риуаятты дәлелге...
Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Өзге елге барғанда өз еліңнен айырмашылығын бірден байқайсың. Өз жұртыңның артықшылығын, кемшілігін бағалай аласың. Мұның өзі Жаратушының әрбір халықтағы иләһи белгілері, хикметі.
Тарих беттерін ақтарып отырып басқыншы елдердің бодан жұрттың ұлттық айырым белгілерін, дәстүрлерін ұмыттыруға тырысқандығын көреміз. Сосын оларға өздерінің тілі мен...
Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады[1].
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру...
645632624617606594586578567562