old.muslim.kz Дін мен дәстүр - Muslim.kz
Ағайынның қадірі...
Қазақ халқы туыстық байланысты ерекше бағалайтын ел. Тіпті, туыстық қарым-қатынасты дәл қазақтай сақтайтын ел әлемде кемде-кем. Халқымыздың болмысын басқалардан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті осы туыстық байланыс деуге де болады. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп ағайын арасындағы татулықтың сақталуын қоғам бірлігінің басты алғышарты деп қараған. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деп туыстық...
date27.08.2014readCount6998readmoreТолығырақ
«Алғыс алған арымас...»
Қазақ халқы қайырымдылықтың қадіріне жете білген халық. Жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айта білген жұрт. Алғыс айтудың бірнеше формалары бар. Қазірде кең тарағаны «рахмет» деп айту. Бұл сөздің түп-төркіні «сізге Алланың рахымы жаусын!» деген тіркес. Уақыт өте келе қысқаша нұсқасы қалыптасқан. Ұлтымыздың бұрынғы мұраларына зер салсақ, көпшілік арасында қайыр қылған жанға «Құдай жарылқасын», «Алла алдыңнан жарылқасын», «Жолыңды ашсын», «Жағың...
date22.08.2014readCount8100readmoreТолығырақ
Ырыс алды – ынтымақ
«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Сондықтан қоғамдағы ынтымақты күшейтетін іс-шараларға қатты көңіл бөлген. Бір-бірінің жетпей жатқан жерлерін жалғап, қолынан келгенше жәрдем көрсетуге тырысқан. Сөйтіп, ұлы Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»...
date13.08.2014readCount37109readmoreТолығырақ
Алланың разылығы – ата-ананың разылығында
Барша адамзат баласы үшін ата-ананың орны ерекше. Әрбір жан өзінің өмірге келуіне себепші болған қымбат жандарды барынша құрметтеп, қадірлейді. Қазақ халқында да ата-ананың мәртебесі айрықша. «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», «Жұмақ ананың аяғының астында», «Ананың сүтін ақтамаған адам Аллаға жақпайды», «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да перзенттік борышыңнан құтылмайсың» деген сияқты мақал-мәтелдер халық арасында кең тараған. Ислам діні ата-ананы...
date01.08.2014readCount8352readmoreТолығырақ
Қазақ қалай амандасқан ?!
Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша екі кісі жолыға қалғанда алдымен жасы кішісі «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Содан соң мал-жан амандығы сұралады. Мұсылманша сәлемдесу бір-бірін танымайтын бейтаныс адамдар үшін де міндетті саналған. Кейіннен атеизмді ту еткен коммунистер қоғамы сәлемдесудің бұл түрін ұлт жадынан өшіріп, архаизмге айналдыруға тырысты. Алайда дегендері болмай, өздері...
date28.06.2014readCount9853readmoreТолығырақ
Тәуекел түбі – жел қайық
Қысылтаяң шақтарда Жаратқанға жалбарынып, тәуекел ету нағыз мұсылмандықтың белгісі. «Ер жолдасы – тәуекел» деп Тәңірге шынайы тәуекел етуді тіршіліктің басты негізі етіп алған ата-бабаларымыз хақиқи иманның үлгісін көрсетті. Тіршілікте Алла Тағаланың қолдауына үміт артып, «нар тәуекел» деп білекті сыбана әрекет ету қазаққа тән қажырлылық қасиеті. Содан болар ел аузында мынадай ұлағатты сөздер кең тараған. «Уайым түбі − тұңғиық, батасың да кетесің, тәуекел түбі...
date17.06.2014readCount8805readmoreТолығырақ
Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды
Өз нәсібін арам жолмен емес, адал кәсіп арқылы табу күллі адамзатқа жағатын асыл қасиеттердің бірі. Қазақ халқында да еңбек етуге шақыратын, адал кәсіп етуге үндейтін сөздер жеткілікті. Кәсібінің басым бөлігі мал шаруашылығы болып табылатын дала халқында еңбек етпеген жан ескерусіз қалатын. Сондықтан қажырлылық, адал кәсіппен мал табу ер жігітке қойылатын басты талаптардың бірі саналатын. Тілімізде тірі жанды тырбанып тіршілік етуге үндейтін мынадай мақал-мәтелдер бар. «Адал...
date09.06.2014readCount4325readmoreТолығырақ
Әдептілік және сыпайылық
Қазақ халқында әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі басты ұстанымдардың бірі. Адамның қандай жағдайда да әдептілік сақтауы ұнамды қасиет. Халқымыздағы әдептіліктің, кішіпейілділіктің бір көрінісі  үлкенді сыйлау, құрметтеу, «сіз» деп сөйлеу, атын атамай, есімінің соңына еке деген сыпайылықты білдіретін жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек − Қазеке, Дәулет − Дәуке, Бауыржан − Бауке деген сияқты. Мұндай жұрнақ басқа тілдерде кездеспейді. Мұны XX ғасырдың бас...
date28.05.2014readCount14586readmoreТолығырақ
Оң жақты жақсы көру
Халқымызда барлық істерді оңшылдықты жақсы көру үрдісі бар. Игілікті іс бастағанда «Іс оң болсын!» деп тілек тілеген. Мейрам-мерекеде «Ұлыс оң болсын!» деп құттықтаған. Әрбір істі оң жақтан бастағанды дұрыс көрген. Адамдармен амандасқанда оң қолмен амандасқан, бірдеңе бергенде немесе алғанда оң қолмен, оң жақтан бастаған. Үйге кіргенде оң аяқпен кірген. Жаңа түскен келінді босағадан оң аяғымен аттатқан. Алғаш қадам басқан балаға, жаңадан келген кісіге «Қадамың оң...
date21.05.2014readCount3800readmoreТолығырақ
Дастархан әдептері
Қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз. Солардың бірі дастарханда отыру, тамақтану әдебі. Енді халық санасында сақталған сол әдептерді хадис шәрифтермен ұштастырып көрелік. Дастарханға отырғанда Алланың атын ауызға алып, тамақты табақтың жақын жерінен оң қолмен алып жеу ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі әдеп. Бұл Пайғамбардың (с.а.с.) өсиеттерінен алынған өнегелер. عَنْ عُمَرَ بْنِ أَبِي سَلَمَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ...
date12.05.2014readCount5842readmoreТолығырақ