Өзімізді өзгертсек...
Ертеде үлкен бір қауымды басқарған патша болыпты. Ол күндердің бірінде ұзақ сапарға аттанады. Ал, қайтарда жолдың ойық-шұңқырларынан табаны ісіп, жарақаттанып кетеді. Себебі, алыс жолға бірінші рет шыққан болатын. Сонда елдің барлық көшелеріне тері төсеп қоюды бұйырады. Бірақ, уәзірлерінің бірі басқаша пікір айтты. Яғни, теріден патшаның аяқтарын қаптайтын мөлшерде ғана бұйым жасауды ұсынады. Бұл аяқ киімнің алғаш пайда болуы еді...  Егер бақытты өмір сүруді қаласаңыз, әлемді емес,...
date22.10.2016readCount4292readmoreТолығырақ
«... айнымайтын жар таптым»
Мағжан Жұмабаевтың «Жарым» деген өлеңі: Кердең-кердең жүресің сен, не таптың?                                                Мен айтайын - айнымайтын жар таптым. Күндіз-түні жар қойнында жатамын, Естімеймін уын-шуын жан-жақтың. Қанша құшсам-дағы сусын...
date18.10.2016readCount4749readmoreТолығырақ
Әкемді емес, атамды сабаңыз
Ертеде бір патша өзін ешкім танымасын деп қарапайым киініп, ел-жұртының жағдайын білуге шығады. Халықтың әл-ауқатымен қатар рухани жағдайының да қандай екенінен хабардар болғысы келеді. Жоламан бір кішкентай баланы кезіктіріп қалады. Екеуі амандасып, жөн сұрасқаннан-ақ баланың зеректігі байқала бастайды. Баламен әңгімелесу патшаға ұнаған болу керек, ары қарай әңгімеге тартады. Одан соң патша өзі білетін мұсылманның қырық парызынан сұрақтар қояды. Барлығына мүдірмей жауап берген...
date15.10.2016readCount12026readmoreТолығырақ
Ең қиын сұрақ
Бір үйде тұратын төрт студент таңертең ұйықтап қалып, емтиханға кешігіп қалады. Отырған көліктерінің дөңгелегі жарылып, үлгере алмағандарын айтып ақталмақ болады. Сол себепті олардан қайта емтихан алуды өтініш жасайды. Оқытушы келісімін береді. Ертеңіне оларды бір аудиторияға жинады. Төртеуін төрт бөлек отырғызып, үш сұрақ қойды. Бірінші және екінші сұрақтардың дұрыс жауабы үшін 15 баллдан белгіледі. Ал, үшінші сұраққа 70 балл қойылатын болды. Алайда, ол өте қиын болатын: «Көліктің...
date05.10.2016readCount7920readmoreТолығырақ
Төсек жаңғыртқың келмей ме?
Табиғиндерден болған Әбу Уадаға былай әңгімелейді: Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мешітінде өтетін атақты табиғин Сағид ибн Әл-Мүсәйябтың алқасына үзбей қатысып жүрдім. Көпшілікпен араласып, білім алуға тырыстым. Бір кездері бірнеше күн бара алмай қалдым. Сол кезде Сағид ибн Әл- Мүсәйяб мені іздепті. Мені ауырып қалды ма, әлде бір жағдай болды ма деп ойлапты. Алқаға қатысушылардан сұрапты. Бірақ ешкім мен жайында хабарым бар деп айта алмапты. Біраз күннен кейін қайта барғанымда, мені...
date30.09.2016readCount15367readmoreТолығырақ
Алладан келген хат
Ардақты сахаба хазіреті Омар ибн Хаттабтың (р.а.) уақытында бір мұсылман ішімдікке салынып кетеді. Ішімдікке берілгені сонша күн құрғатпай іше беретін жағдайға жетеді. Көрген кісілер оған: «Қой енді. Мынау қылығыңды бір күні хазіреті Омар естісе, нағыз масқараң сонда шығады», – деп оған насихат қылады. Маскүнем болса, олардың бірде-бірінің жанашыр сөздерін құлағына еш ілмейді. Олар хазіреті Омардан (р.а.) алыс мекенде тұратын. Сонда да болса оның жиіркенішті көрінісі бір күні...
date23.09.2016readCount6452readmoreТолығырақ
Адамды танудың үш белгісі
Омардың (р.а.) қасында бір кісі әлдебір дауға қатысты куәгер болған еді. Омар оған: – Мен сені танымаймын, сені танитын біреу келсін, – деді. Жанында тұрғандардың біреуі: – Мен оны танимын, – деді. Омар одан: – Иә, танысаң айтшы, бұл қандай адам? – деп сұрады. Ол кісі: – Жөні түзу, әділ кісі, – деп жауап берді. Омар (р.а.) қайта сұрады: – Күндіз-түні не істеп, не қойғанын жақсы білетіндей жақын көршің бе еді? – Жоқ, – деп жауап берді әлгі кісі. Омар (р.а.): – Кісінің...
date15.09.2016readCount15987readmoreТолығырақ
Нағыз қажы
Табииіндік парасатты ғалым, хадисші Абдуллаһ ибн Мүбәрак қажылығын тәмамдап, Қағбаның түбінде отырғанда көзі ілініп кетіпті. Сол сол-ақ екен Алла Тағаланың әмірімен көктен екі періште түсіпті. Біреуі екіншісіне: – Осы жылы 600 мың кісі қажылық жасады. Алайда, бұлардың бәрінің жасаған қажылығы Шам қаласындағы Али ибн Муаффақ есімді етікшінің құрметі үшін ғана қабыл болды. Ал, ол кісі қанша жыл талаптанса да бәрібір қажылық міндетін өтей алмаған көрінеді. Бірақ, бір ісінің Жаратқанға...
date10.09.2016readCount3926readmoreТолығырақ
Aнасын тастап, қажылыққа аттанған бір жігіттің хикаясы
Жас жігіт сырқат халдегі анасының тілін алмай қажылық сапарға аттанбақшы болды. Шешесі: «Балам, мен сауыққан соң барғаның дұрыс еді ғой. Жинаған ақшаңмен мені емдетсеңші!» – десе де: «Алла жолына жұмсаймын деп жинаған өз ақшам, қалай жұмсауды өзім білемін!» – деп, қажылыққа баруды өз анасының жағдайынан артық көрді. Сөйтіп, қажылыққа анасынан рұқсат бата алмай аттанып кетті. Анасы  қатты  ренжіген күйі қалады. Әлгі қажылыққа сапар шеккен жігіт түнделетіп жол...
date29.08.2016readCount16446readmoreТолығырақ
Зұлымдық көрген адамның дұғасы
Хорасан әкімі Абдуллаһ бин Тахир өте әділетті адам еді. Бір күні жасауылдар бірнеше ұрыны ұстап, оған хабарлайды. Әлгілерді әкімнің алдына әкеле жатқандарында, ұрылардың бірі қашып кетеді. Ол кезде хираттық бір ұста Нишапурға барған өз жұмыстарымен барған болатын. Түнделетіп үйіне қайтып келе жатқанда оны ұры деп ұстап алып, әлгілермен бірге алып барады. Әкім оларды түрмеге қамауға бұйрық береді. Ұста түрмеде дәрет алып, намаз оқиды. Қолын жайып, «Иә, Раббым! Кінәлі емес екенімді тек...
date23.08.2016readCount5414readmoreТолығырақ