Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жатыр еді.
– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдамаған болатын. Сондықтан ол:
– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге жауап берді.
– Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа тартпайды.
Бәлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның...
Халифа Һарун Рашид қажылықтан кейін Мәдина қаласында имам Мәлік ибн Әнасты тыңдауға көңілі ауады. Құзырына алдырмақшы болып нөкерін жібереді. Алайда, имам Мәлік: «Ғылым іздеген кісі ғылымға өзі келеді. Ал, ғылым ешкімнің аяғына бармайды», – деп сәлем жолдайды.
Жіберген нөкері халифаға келіп, имам Мәліктің сәлемін айтады. Халифа айтылған уәжді құп көріп, имамның үйіне бет алады. Үйдің тұсына келгенде, үйдегі өзге адамдардан босатуды талап етеді. Сонда имам Мәлік «Көпшілікті...
Бір жігіт үйленді. Ана байғұс жалғыз ұлын ұяға қондырды. Әттеген-ай дейтіні осы бір қуанышты бөлісетін қасында шалы жоқ. Тана көз, кең маңдайлы сүйкімді бір қызды үйіне келін қылып түсірді. Ана да мәз, бала да мәз.
Қатты жақсы көретінін айтып, осы қызды келін қылайық деп анасын көндірген баласы болатын. Аңқылдаған анасының да алғашында келін бала көңілінен шықты. Екі қолы босап, белі жазылып қалған ананың көңілі шат еді. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Баласы мен келінінің арасында...
Екі рет үйленген нишапурлық ғалым Саид екінші әйелі Мәриямның сұрауымен алғашқы отбасылық өмірі туралы баяндапты. Бірде: «Өміріңіздегі Аллаға ұнамды бір ісіңізді айтып беріңізші?» – деп өтінген қалыңдығына мына әңгімені айтыпты:
«Ол кездерді ұмыта алмаспын. Әрине, ісімізді қабыл етуші Алла. Тіпті қай ғибадатымды ықыласпен, қай амалымды рия етіп жасағанымды да білмеймін. Дегенмен сол бір амалымды Жаратушы қабыл етер деп үміттенемін.
Жас күнімде атағым шартарапқа жайылды....
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) өгей әкесі Әбу Талха (р.а.) мен анасы Умму Сүләймнің (р.а.) некелесуін былай деп әңгімелейді.
«Әбу Талха Умму Сүләймге құда түсті. Умму Сүләйм: «Уа, Әбу Талха! Сен сияқты адам кері қайтарылмайды. Алайда, сен кәпір адамсың. Ал, мен мұсылман әйелмін. (Сондықтан) саған күйеуге шыға алмаймын. Егер мұсылманшылықты қабыл етсең, сенен алатын мәһрім[1] сол болсын. Сенен басқа нәрсе сұрамаймын», – дейді.
Әбу Талха (р.а.) ұсынысты қабыл алып, мұсылман болды. Умму Сүләймнің...
Жастайынан білімге құштар, «құрметті күйеу бала» деген лақап атпен танымал болған Мұхаммед ибн Сүлеймен деген кісі болған екен. Түнімен майшаммен сабақ оқитын.
Бір күні осылай кітап оқып отырған кезінде біреу есігін қағады. Беймезгіл уақытта келген кім болды екен деп таңырқайды. Есігін ашса, бір сұлу әрі өрімдей жас қыз тұр. Қыз өзінің алыс сапардан шаршап келе жатқанын және осы үйдің ғана шамы жанып тұрғанын байқағанын, сол себепті амалсыз келгенін айтады. Не істеу керек?!...
Соғыстардың бірінде Әбу Убайда ибн әл-Джаррахқа (р.а.) хазірет Омар (р.а) 4000 дирхам жалақы жібереді. Сосын оны алып бара жатқан кісіге: «Байқашы, Әбу Убайда бұл ақшаны не істейді екен?» – деп тапсырады.
Әлгі адам аманатты иесіне жеткізді де халифаның әміріне орай Әбу Убайданы (р.а.) аңди бастайды. Ал, Әбу Убәйда (р.а.) өзіне бір дирхам да қалдырмастан барлық ақшаны қарамағындағы әскерлерге бөліп береді.
Бұл хабарды естіген хазірет Омар (р.а) көзіне жас алып:
– Иә, Раббым,...
Ертеректе Осман елінің патшасы IV Мұрат қасындағы көмекшісімен бірге қарапайым киініп ел ішін аралауға шығады. Ондағы мақсаты сол елдің жағдайын, тұрмысын өз көзімен көру еді. Бір кезде анадай жердегі үйде қараң-құраң адам жиналып тұр екен. Жақындай беріп қараса даулы мәселені шешіп жатқан секілді көрінді. Барып мәселенің мән жайын білді. Сөйтсе бір адам қайтыс болып, оның жаназасының шығарылуына талас болып жатыр екен. Себебі, әлгі қайтыс болған адам көршілерінің айтуынша, тапқан...
Бірде өңшең бақалар жиналып алып сайыс ұйымдастырыпты. Сайыс талабы бойынша биік ғимараттың үстіне кім бірінші шықса, жеңіс – соныкі. Көптен күткен сайыс басталады. Тамашалаймыз деп топырласқан бақалар үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жете алмайтынын айтып бәстеседі: «Байғұстар-ау, босқа әуре болып жатсыңдар ғой. Бәрібір шыға алмайсыңдар!..»
Бұл сөздерді естіген қатысушылардың бірнешеуі расында күдіктене бастады. Мәреге дейін бара алмайтындарына көздері жетіп,...
Дәрістердің бірінде Жүніс ибн Әбдул Ағлә ұстазы Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғимен бір мәселеде тартысып, ашуланған күйде үйіне кетіп қалады. Ақшам уақытына қарай біреу келіп Жүністің есігін қағады. «Кім ол?» – деді. Сыртттан: «Мұхаммед ибн Идрис» – деген дауыс естіледі.
Жүніс ибн Әбдул Ағләның өзі айтады: «Шафиғиден басқа есімі Мұхаммед ибн Идрис болған адамдардың барлығын ой елегінен өткіздім. Бірақ, есікті ашқан кезімде, ұстазымның өзі тұр екен».
Имам Шафиғи оған:...
1399139713911381136113571356133813321325