Алланың бар екенін Әбу Ханифа қалай дәлелдеді?
Имам Ағзам дәуірінде Алланы жоққа шығарып, дінді терістейтін адамдар болды. Солардың бірімен мәзһаб имамымыз жап-жас бала кезінде пікір сайыстырады. Бір күні ол ұстазымен бірге әлгіндей дінсіздердің халықты азғырып отыратын жеріне барады. Сөйтсе бір адам: «Қане, менімен айтысатын кім бар? Алла бар дейтіндер менің алдыман келсінші», - деп көлгірсіп отыр екен. Әбу Ханифа оның алдына қаздиып тұра қалып: «Қане, айта беріңіз, сұрақтарыңызға мен жауап берейін» дейді. Сонда әлгі...
date05.04.2017readCount9202readmoreТолығырақ
Ең уайымсыз жан иесі тасбақа ма?
Дүниеде бір армансыз, қамсыз, уайымсыз жан иесі бар болса, ол тасбақа шығар деп ойлаушы едім. Мейір шөпті тауып алып, соны тістеп жатып, жүз жыл жасай беретін, Құдайдың сүйген мақұлығы сияқты көрінуші еді. Сөйтсем, деректі фильмнен көрдім, тасбақадан қасіретті жәндік жоқ екен. Теңіз тасбақасын айтамын. Теңіз тасбақасы баласын жұмыртқадан шығарады. Бірақ жұмыртқаны суда туа алмайды. Теңізден шығып, жағалаудағы құмды қазып, жұмыртқа туып, құмға көміп кетеді екен. Кетерінде көз жасы көл...
date04.04.2017readCount4090readmoreТолығырақ
Барлық денеммен кірейін бе?
Ауф ибн Мәлік әл-Әшжаи (р.а.) былай әңгімелейді: «Тәбук шайқасында Расулаллада әлдебір шаруам болып, ол отырған шатырға келдім. Сәлем бердім, Ол сәлемімді алды да: «Ішке кір!» – деді. Шатыр құрқылтайдың ұясындай шағын болғандықтан: «Уа, Расулаллаһ, барлық денеммен кірейін бе?» – дедім. Ол: «Барлық денеңмен кір!» – деді».
date30.03.2017readCount3707readmoreТолығырақ
Шағрауидың тағылымы
Бірде шейх Шағрауиды бір жерге насихатқа шақырып, баласы Абдрахман екеуі бірге барады. Халыққа насихат айтылған соң,  жұртшылық шейхқа  деген махаббатынан оны мінген көлігімен бірге қаладан көтеріп шығарып салыпты. Қаладан шыққан соң біраз уақыттан кейін  бензин құйып, намаз оқып алу үшін тоқтауға мәжбүр болады. Шейх сол жердегі мешіттің әжетханасына кіріп кетіп, біраз айналады. Баласы алаңдап дәретханаға барса, бір адамның әжетхананы ысқылап жуып жатқанын естиді.Қараса,...
date18.03.2017readCount3647readmoreТолығырақ
Қарғыс алма, алғыс ал!
Хазірет Сағыд (р.а.) Куфа қаласында әкім болып тұрған кез. Бұл хазірет Омардың (р.а.) халифа болып тұрған уақыты еді. Бірде Куфа халқынан бір топ кісі келіп өздеріне әкім болып табылатын хазірет Сағыдтың үстінен шағым түсіреді. Шағымда мына мәселелер айтылады: хазірет Сағыд намаз оқуды білмейді, әскерді өзі бастап соғысқа қатыспайды, әділдік танытпайды. Хазірет Омар (р.а.) бұл шағымды естігенде, Меккеде исламды алғашқы жетінші кісі болып қабылдаған бұл қадірлі сахабаны дереу Мәдинаға...
date04.03.2017readCount4862readmoreТолығырақ
Нәпсісін жеңе білген жігіт
Мешітте бес уақыт намазға азан шақырып, мешіт имамдарына көмекші болып жүрген осы жігітті көргенде, кімнің болса да жүрегі елжірейді. Туғаннан екі аяғы кемтар болса да, бал-бұл жайнаған жүзінен оны сезбейсіз. Керісінше Қайраттың нұрлы да  жайдарлы жүзінен әрдайым қуаныш көресіз.Оның бойынан Құранда: "Алла оларға разы, олар да Аллаға риза..."(Бәйинә, 8) - деп келген аяттағыдай сипатты табасыз.Өзі спорттың қолкүрес (армрестлинг) түріне қатысып, параолимпиадаларда ауданда, облыста,...
date03.03.2017readCount6721readmoreТолығырақ
Құлқын мен құмыра
Алысқа сапар шеккен екі жігіт жолда кездесіп, біріне-бірі серік болады. Күндердің күнінде екеуі бір таудың етегіне жетіп, сылдырлап аққан бұлақты көреді. Бұлақтың қасындағы биік жартаста екі құмыра тұр екен. Құмыраның біреуі үлкендеу, сырты зерлі, әсем болса, екіншісі қарапайым, кішілеу көрінеді екен. Екі ыдыстың астындағы жартастың бетіне «Ей, жолаушы! Қалағаныңды таңда, қазынаға жолығарсың. Бірақ таңдағаныңда не барын бір бие сауым уақыттан соң анықтап қара!» деп...
date25.02.2017readCount5562readmoreТолығырақ
Дүниеден «Уау» болып өтейік
Хафиз Осман деген хуснихад өнерінің бір шебері болған екен. Сол Хафиз Осман бір күні Стамбұлдың Анадолы жағасынан бұғаз арқылы қарсы бетке өтпек болып қайыққа отырады. Қайық жағалауға жетіп қалғанда қайықшы жол ақысын жинауға кіріседі. Хафиз Осман ақшасын үйінде ұмытып кеткенін есіне түсіреді. Не істерін білмей абдырап қалған шебер: «Саған бір «уау» әрпін жазып берейін. Сурет сататын сатушыларға апарып сатарсың, ал түскен ақшасы бүгінгі жол ақым болсын» дейді. Қайықшы...
date21.02.2017readCount7140readmoreТолығырақ
Салауат айтып, ақша тапты
Ілгеріде бір адам мұсылман бауырынан бес жүз динар ақша қарыз алады. Келісілген уақытта қайтара алмаған соң, қарыз беруші  адам қазыға барып шағымданады. Қазы қарызқор адамды зынданға салуға бұйырады. Сол кезде қарыз алған адам қазыға: "Құрметті қазы мырза! Мені зынданға салғанын жанұям білмей қалады ғой. Тым болмаса жағдайымды айтып, қоштасып келсем бола ма? - дейді. Қазы: "Қашып кетсең не істейміз?! Саған кім кепіл болады?" - дейді. Қарыз алған адам: "Кепілге Расулалланы (с.ғ.с.) қоямын", -...
date20.02.2017readCount6354readmoreТолығырақ
Сенің әкең... (әңгіме)
- Әке, қалай, зерікпедіңіз бе? - Жоқ. - У-шу, күйбеңі көп қаладан өкпеңіз қысылмады ма дегенім ғой. Жарылқап үнсіз қалды. Баласының не айтқысы келгенін түсінді. Кеше ғана ұлы келінімен сөзге келіп қалған еді. Жарылқап сол күні таңертең немересін саябаққа ертіп кеткен. Күн арқан бойы көтерілгенде пәтерге оралды. Сонда ас бөлмеден шаң-шұң еткен дауыстар естілді. - Екі ай болды ғой, қашанғы жүре береді? - Енді кішкене шыдашы. - Жетер. Шаршап кеттім. Сенің әкеңнің қас-қабағына қараймын деп...
date18.02.2017readCount12466readmoreТолығырақ