Ыстықтағы ораза
Нөкерлерін еріткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бiр бұлақтың басында тынығуды жөн көрді. Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы,жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» - дедi. Нөкерлер үстіне iлген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жаткан жерінен оятып ертіп келді. Хажжаж оған:«Кел, бiрге тамақтанайық», - деді. Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық...
date07.06.2017readCount4316readmoreТолығырақ
Ораза ұстадым дей алмаймын
Баяғыда бір тақуа адам Алладан қатты қорқып, күнара ораза ұстайды екен. Аузы берік күндері "Ораза ұстадың ба?" деп сұрағандарға "Шынымды айтсам, ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым деуге де келмейді" деп жауап береді екен. Ұстағандықтан "ұстадым" деп өтірік айта алмайды, ал "ұстадым" дейін десе, амалы Алланың алдында қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген күдік жеңіп кете беретін көрінеді. Оның рухани тереңдігін сезбейтіндер "Өзінің ораза ұстаған, ұстамағанын білмейтін не...
date02.06.2017readCount5584readmoreТолығырақ
Оразаның алғашқы күні екен ғой!
Бір қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын. Егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой, – дейтін. Сөйткенше болмай, дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған...
date25.05.2017readCount6559readmoreТолығырақ
Балта
Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім жоқ. Қора қопсының ішін аударып-төңкеріп, астаң-кестеңін шығара қарадым. Жоқ. Жұмыс күні болған соң қалған «іздестіру» жұмысын жексенбі күнге қалдырдым. Жексенбіге дейін әлі төрт күн бар. «Өз-өзің мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген тәмсілді ұлық тұтқан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. Үй-жайым жұмыс орныммен іргелес, арасы қарға адым ғана жер....
date20.05.2017readCount4860readmoreТолығырақ
Қатынқұмар шалдың ақыры...
Иә, ол кісі біздің көшенің басында тұратын. Сақалы дөңгелене біткен, қияқ мұртты, қыр мұрынды. Қысқасы, түрі киноға сұранып-ақ тұр. Өзінің "мачо" екенін қу бәле білетін. Әдемі қыз-келіншек көрсе, сумаң етіп сол маңнан табылатын. Не керек, сол шал бір күні өлді. Қайтыс болды, қайтты деп қайырлы өлімге ұқсатқым келмейді. Өлді. Иә, өлді... Қабірге қоятын да сәт келді. Екі баласы шұңқырға түсті. Арулап, екі жағынан екеулеп ұстады. Еңкейіп қабірдің ұяшығына денені қойғалы жатқан. Шыңғырып екеуі де...
date16.05.2017readCount40900readmoreТолығырақ
Намаз оқымаған - сараң
Таң шапағын шаша бастаған кез. Медресе іші. Күнделікті дәрістеріне кіріп, шәкірттер ұстазын күтіп отырған еді. Бір кезде ұстаздары: - Ассалаумағалейкум, шәкірттерім менің! – деп, аз ғана шаршаңқы, бірақ жылы жүзбен кіріп келді.- Уағалейкум салам, ұстаз!- Амансыңдар ма, балалар, денсаулықтарың қалай?- Әлхамдулилла, ұстаз! Бізде бәрі жақсы, – деп, шәкірттер жамыраса жауап берді. Ұстаз бір сәт отырып, тыныққандай болып, шәкірттеріне қарап аз ғана жымиып, былай деді: – Ал, алтыннан...
date10.05.2017readCount5529readmoreТолығырақ
Нәпсіммен аразбын
Бір хакімнен: «Қалыңыз қалай?» - деп сұрағанда ол: «Жаратушы Иеммен татумын, азғын нәпсіммен аразбын, халайықпен ыстық ықыластымын, дүниемен тек зәру жағдайда кездесемін», – деген екен.
date22.04.2017readCount4603readmoreТолығырақ
Нанды да жемеді, сүтті де ішпеді
Бірде Ұлы қолбасшы Халид ибн Уалид дұшпанға қарсы неше күн қиян-кескі ұрыс жүргізіп, шаршап-шалдыққан әскерімен бірге кеш бата қосқа кеп аялдайды. Халид ибн Уалидке сүт пен нан ұсынады. Салқын сүт пен жұмсақ нанды байқаған ұлы қолбасшы: "Күннің мынандай ми қайнатар аптап ыстығында нан қатып, сүт бұлай салқын сақталмауы керек еді. Бұларды қалай сақтадыңдар" - дейді таңданысын жасыра алмай. "Құмды терең етіп қазып, сол жерге көміп қойған едік" - деген жауапты естіген қолбасшы: "Дәл осындай...
date20.04.2017readCount4288readmoreТолығырақ
Жаманның жолдасы көп, жанына пайдасы жоқ!
Өмір болғаннан кейін неше түрлі оқиғалар болады, ал одан біздің аларымыз тек қана ғибрат. Сондай оқиғалардың бірі делік, бір жігіт: «Менің досым көп», - деп мақтанатын көрінеді. Расында ол жігіттің достары көп екен. Сөйтіп әлгі жігіт бір күні үйленбекші болады. Әкесі оған: «Балам, сенің достарыңды мен шақырайын» - дейді. Жігіт келіседі. Тойға тек екі-ақ досы келеді. Жігіт әкесіне: «Сіз басқаларын шақырған жоқсыз ба?» - дейді. Әкесі: «Мен сенің барлық достарыңды шақырдым....
date13.04.2017readCount3729readmoreТолығырақ
Сынған таға
Бірде әкесі мен баласы жолда келе жатады. Келе жатса жол үстінде жатқан тағаның сынған бір бөлігін әкесі көзі шалып қалады. Әкесі баласына: «Балам жолда жатқан темірдің сынығын ала салшы, керек болып қалар» дейді. Сонда баласы: «Әке сынған темір неге жарар дейсіз» деп алмай кетеді. Әкесі сабырлы күйде темірді өзі алып, дорбасына салып алады. Ол темірді жолдағы темірші ұстаға өткізіп, алған ақшасына аздаған шие сатып алады. Шиеден баласына ұсынбастан өзі жеп кете береді....
date11.04.2017readCount3794readmoreТолығырақ