«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»
Әнәс (р.а.) әңгімелеуде: «Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді. Айша анамыз сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың: «Абдуррахман ибн Ауфтың жаннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді. Бұл сөз...
date28.11.2012readCount6649readmoreТолығырақ
Дүниекезек
Көктем айының шуақты күні көкжиекке ілінгелі бері тіршілік атаулы ұйқысынан оянып табиғаттың беймаза ырғағы әлемді билеп алғандай. Қытымыр қыстың әуре-сарсаңға толы күндерінен шаршаған жұрттың да көңілі бұл күнде көтеріңкі. Қаланың сыртқы бөлігінде жасанды көлдің жағасына жақын орналасқан көркі көз тартарлық зәулім үйдің сұлбасы алыс жерден байқалып тұр. Іші-сырты заман талабына сай безендірілген бұл үй Күреңбай атты елуді еңсерген кәсіпкер азамат меншігі. Күреңбай- толық...
date27.11.2012readCount5896readmoreТолығырақ
Ақылды бала
Аббаситтер халифасы Харун Рашиттің заманында Бәһлүл деген өте тақуа кісі өмір сүріпті. Бір күні сол кісі Басраның көшесінде кетіп бара жатып, ойнап жүрген бір топ баланы көреді. Сәл аялдап, балалардың ойынын тамашалайды. Кенет анадай жерден бір баланың солқылдап жылап тұрған даусын естіп жанына барады. Баладан: –  Иә, балақай, неге жыладың? – деп сұрайды. –  Емдей алмасаңыз, дертімді қозғамаңыз, – дейді бала. –  Әуелі дертіңнің не екенін айт, бәлкім,...
date22.11.2012readCount6878readmoreТолығырақ
Жақсылық жамандықты жояды
Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: «Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді. Ол: «Иә, неге?» – деді. Салман: «Бір күні Аллаһ елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды...
date20.11.2012readCount5497readmoreТолығырақ
Салауат...
Көнеден келе жатқан әңгімелердің бірінде, бір кісі түсінде Мұхаммед пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көреді. Алайда, неге екенін, пайғамбарымыз оған бұрылып қарамайды. Ол кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, әлде маған ашулысыз ба?» – деп сұрағанда, «Жоқ» деген жауап естиді.  –  Онда неге маған қарамайсыз? –  Өйткені сені танымадым. –  Мені қалай танымайсыз, мен сіздің үмбетіңізбін ғой. Ғалымдар сізді үмбетін өз баласын таныған анадай таниды деуші...
date17.11.2012readCount6381readmoreТолығырақ
«Тамақтың өлшемі»
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айтқан әңгіменің бірі адам баласы үшін ас ішудің өлшемі іспетті танылады. «Құлшылықтың терең дәмін тату үшін мұсылман болғалы тоя тамақ жемедім. Аллаһқа қауышудың құмарлығымен қанып су да ішпедім, өйткені көп жеу аз құлшылық жасауға итермелейді. Көп жеген кезде адамның денесі ауырлап, көзіне ұйқы тығылады, денесі босаңсиды. Өзін қанша қинаса да, ондай адамның ұйқыдан басқаға шамасы келмейді, қоқысқа тасталған өлексенің кебін киеді», – деп өз тәжірибесін...
date17.11.2012readCount5516readmoreТолығырақ
Жұмақтағы үш сарай
Имран ибн Хұсейін (р.а.) әңгімелеуде: «Басқа сахабаларға қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған бөлекше ілтипатпен қарайтын. Бір күні маған: «Әй, Имран, саған ерекше құрметпен қарайтынымды білесің, менімен бірге қызым Фатиманың қалын сұрап үйіне кіріп шығуға қалай қарайсың?» – деді. Мен бұған қуанып: «О не дегеніңіз?! Сіздің жолыңызға жаным пида», – дедім. Екеуміз іле орнымыздан тұрдық. Фатиманың (р.а.) үйіне барғанда, алдымен есікті қақты. Сөйтті де естірте сәлем беріп:...
date17.11.2012readCount7000readmoreТолығырақ