Бірде Әбүл-Хайсам:
– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді.
Ұқба ибн Амр:
– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді.
– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.
– Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай...